Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алақандағы сызықтар нені білдіреді және олардың адам өміріне әсері қандай

Опубликовано:

Ер адамның алақаны. Көрнекі сурет
Ер адамның алақаны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хиромантия адам тағдырына қатысты түрлі болжам жасайды. Ол үшін алақандағы сызықтарды дұрыс "оқи" білу керек. Бұл материалда Kasamba эзотерикалық баспасы ұсынған қызықты деректерді назарға ұсынамыз.

Қолдағы сызықтар нені білдіреді?

Өмір сызығы өмір сапасы жайлы айтып берсе, жүрек сызығы – жеке өміріңізге қатысты болжамдардан сыр шертеді. Ал ақыл сызығы интеллектіңізді айқындап берсе, тағдыр жолағы – әл-ауқатыңызды айғақтап береді. Денсаулық және Күн сызықтары өмірлік күш әлеуеті мен атақ-даңқ жайлы айтып береді. Саяхат жолағы әлемді аралауға деген құштарлығыңызды білдіреді.

Өмір (Жер) жолағы

Қолдағы сызықтарды қалай оқуға болады? Ол үшін негізгі (доминант, басты) қолдағы сызықтарды зерттеу керек. Kasamba эзотерикалық басылымы бұл сызық адамның өмірі мен мінезі қандай болатынын көрсететінін айтады. Astrotalk астрологиялық басылымының пікірінше, оң алақанда сызықтар көп болса, ол таланттың белгісі.

Өмір сызығы – адам қолындағы ең маңызды сызықтардың бірі, ол адамның өмір сапасын көрсететін бірден-бір жолақ, дейді мамандар. Ол бас бармақтың жанында, үлкен доға тәрізді пішінде тұрады. Егер бұл сызық үлкен әрі айқын болса – онда бұл спортшыларда жиі кездесетін энергияның белгісі.

Бас бармақтың жанындағы өмір сызығы. Көрнекі сурет
Бас бармақтың жанындағы өмір сызығы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жүрек жолағы (махаббат, аспан сызығы)

Бұл сызық алақанның жоғарғы жағында, төрт саусақтың астынан өтеді. Сезім өмірдегі түрлі жағдайға кері байланыс беру және оларды бақылауды сипаттайды. Бұл жолақты мамандар былай деп түсіндіреді:

  • Қысқа және тік сызық – махаббат пен романтиканы көп ұнатпайтын адам.
  • Ұзақ жолақ – тез ғашық болатын, өз махаббатына адал, романтик адамның белгісі.
  • Сұқ саусақтан басталатын сызық - бақыт пен махаббаттағы үйлесімділіктің белгісі.
  • Ортаңғы саусақтан басталатын сызық - қарым-қатынастағы өзімшілдіктің белгісі.
  • Сызықтың кілт жоғарылау, төмендеу – өміріңізде көп рет ғашық болудың белгілері.
  • Сызықта белгілердің болуы – махаббатқа көңіліңіз толмаудың белгілері.
Суреттегі сары сызық махаббат сызығы. Скриншот
Суреттегі сары сызық махаббат сызығы. Скриншот: YouTube /Лия Надэль

Ақыл сызығы (бас сызығы)

Адамның негізгі қолында менталитет пен интеллектіні көрсететін сызық та бар. Ол сұқ саусақ пен бас бармақтың арасынан басталып, жүрек пен өмір сызығының арасынан өтіп, алақанды екіге бөледі. Ол мынадай мағынаны білдіреді:

  • Айқын, жіңішке әрі ұзын болса – ақыл көрсеткіші жоғары, алғырлықтың белгісі.
  • Үлкен әрі доғасы ұзын болса - шығармашылық адамы.
  • Қысқа жолақ - ақыл-ой еңбегіне емес, физикалық еңбекке бейім екенін білдіреді.

Жолақта белгілер, бөлінулер болса, есте сақтау қабылетінің төмен екендігін білдіреді. Мұндай адам өзгелердің өміріне араласып, оның мақсатқа жету қабылеті төмен болады.

Тағдыр жолағы (ақша, мансап, қолдау періштесі)

Бұл сызық білектен ортаңғы саусаққа дейін созылады. Ол өмірдегі әл-ауқат пен мансаптағы табысты көрсетеді. Marie Claire сұлулық және сән журналының хабарлауынша, бұл сызықтың пішіні мен алақанда орналасуына мән берген жөн. Егер тағдыр мен өмір сызығы бір нүктеден басталса, онда бұл адам алып күштің иесі, көшбасшы деген мағынаны білдіреді.

Алақаныңызда мұндай екі сызық болса - екі табыс көзіболады деген сөз. Сызықтың айқын және түзу болуы – бақытты ғұмыр кешесіз деген сөз. Қысқа сызық -зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыстан бас тартасыз деген мағынаны білдіреді. Бірнеше бөліктерге бөлінген сызық – мансаптағы өзгерістерді білдіреді.

Алақандағы тағдыр сызығы күміс түсті түспен белгіленген. Скриншот
Алақандағы тағдыр сызығы күміс түсті түспен белгіленген. Скриншот: YouTube /Лия Надэль

Отбасы (неке) сызығы

Неке сызықтары алақыныңыздың қай жерінде орналасуы мүмкін? Неке сызығы жүрек сызығының үстіндегі кішкентай саусақтың астында орналасқан. Ол романтикалық қарым-қатынас пен некеге қатысты жағдайды көрсетеді. Ол мынадай мағынаны білдіреді:

  • Екі бірдей сызықтың болуы — махаббат үштігінің белгісі.
  • Бұлыңғыр сызықтардың болуы – қиындыққа толы отбасылық өмірдің белгісі.
  • Сызықтың жоғарыға қарай иілуі немесе таяз болуы – некенің болмауы немесе отбасын кеш құрудың белгісі.

Егер неке сызығы кішкентай саусаққа дейін созылса, болашақ сүйіктіңізге жоғары талап қоюыңыздың белгісі. Егер сызық сақина саусағына дейін жетсе, некеңіз сәтті, ал шаңырағыңыз бақытты, тату әрі бай болады деген сөз. Егер сұқ саусаққа дейін жалғасса, некеңіз сәтсіз болады деген сөз.

Алақандағы жасыл некені білдіреді. Скриншот
Алақандағы жасыл некені білдіреді. Скриншот: YouTube /Лия Надэль

Денсаулық (Меркурий) сызығы

Бұл сызық барлық адамда бірдей бола бермейді. Ол өмірлік ресурсты, қарым-қатынас жасау қабілетін және іскерлік қабілетті көрсетеді. Ол алақанның төменгі жағынан басталып, Меркурий төбесіндегі (кішкентай саусақтың астындағы төмпешік) кішкентай саусаққа дейін жалғасады. Бұл сызық қалай түсіндіріледі:

  • Егер бұл сызық тым әлсіз болса немесе жоқболса – тәуекелге баруға, бизнес ашуға болмайды.
  • Денсаулық пен мансапты білдіретін өзге әлсіз сызықтардың болуы – жалданып жұмыс істейтін қызметкердің табысты мансабының белгісі болмақ.

Айқын және ұзын сызықтың болуы үлкен әлеуеттің белгісі. Мұндай адам табысты жеке бизнес құруға қабілетті болады.

Күн (Аполлон, атақ, табыс) сызығы

Allure әйелдер журналы оны имидж сызығы деп атайды. The Voice әйелдер журналы оны өмірдегі сәттіліктің басты көрсеткіші деп санайды. Бұл сызық кемеңгерлікті білдіреді әрі табысты кәсіпкерлерді және тарихта із қалдыратын адамдарды көрсетеді.

Бұл жолақ барлығында бірдей бола бермейді. Ол тігінен, денсаулық пен тағдыр сызықтарының арасында, алақанды жоғарыдан төменге қарай кесіп өтеді. Оған қатысты болжамдар оның орналасуына тікелей байланысты болады:

  • Алақанның негізгі бөлігі мен саусақтардың арасында болса, байлық пен сәтті некенің белгісі.
  • Негізгі және орталық бөліктің арасында – жастық шақтағы жетістіктің белгісі.
  • Бұл сызық ақыл сызығында аяқталса – жас кезіңізде табысқа жетудің белгісі.
  • Ақыл сызығынан басталса – байланыстар орнату арқылы табысқа жетудің белгісі.

Егер Күн сызығы алақанның ортасынан басталса, онда табысқа тек 50 жастан асқаннан кейін келесіз. Ал, егер ол жүрек сызығынан басталса, онда 40 жасқа таяған шағыңызда шығармашылық табыстар арқылы жетістікке жетесіз деген сөз.

Алақандағы Күн сызығы көк түспен белгіленген. Скриншот
Алақандағы Күн сызығы көк түспен белгіленген. Скриншот: YouTube /Лия Надэль

Балалар сызығы

Бұл жолақ кішкентай саусақтың астында, неке сызығынан төмен жерде орналасқан. Түзу сызықты болып келеді. Ол өмірде қанша балаңыздың болуын және олардың өмірлік мәртебесін көрсетеді. Төмендегідей мағынаны білдіреді:

  • Терең — ұл баланың дүниеге келуі.
  • Жіңішке, қысқа, таяз сызық — қыз баланың дүниеге келуі.
  • Сызықтың тым қысқа, анық емес, үзілген болуы – баланы жоғалту қаупі, түсік түсіру қаупі.

Ер адамдағы сызықтардың айқын болуы — дені сау ұрпақтың дүниеге келуі, ал анық емес сызықтар — дімкәс, мүгедек мұрагерлердің дүниеге келуінің белгісі. Әйелде баланың саны мен сыртқы түрін сипаттайды. Сызықтардың соңында бөлінуі егіздердің белгісі.

Саяхат сызығы

Ол алақанның шетінен басталып, оны көлденеңінен кесіп өтеді. Ол өмір сызығының төменгі жағында, оның жанында орналасқан немесе сол сызық арқылы өтеді. Бұл жолақ туған жерінен үнемі кететін адамды, қашықтықты және сапарлардың сәттілігін білдіреді. Бұл жолақ былай түсіндіріледі:

  • Айқын және үзіліссіз сызық – үнемі қозғалыста болатын белсенді тұлға.
  • Таза және түзу, Айдың төбесіне жетеді (сыртқы шетіндегі алақанның төменгі бөлігіндегі биіктік) — шетелдікпен некені білдіреді.

Бұралған және үзік-үзік болса – қауіптің белгісі. Жолда ұқыпты болыңыз немесе сапарлардан мүлдем бас тартқаныңыз дұрыс болады.

Әр адамның алақанындағы сызықтар әр түрлі болады. Оларды табуға және оқуды үйреніп алыңыз. Бұл тағдырды болжауға және қателіктерге жол бермеуге көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2056854-alaqandagy-syzyqtar-neni-bildiredi-zane-olardyn-adam-omirine-aseri-qandai/