300-ден астам винтаж көлігі бар Катар шейхі туралы не білеміз
Жарияланған күні:
Катарлық шейх Фейсал бен Қасим Әл Танидың жекеменшік мұражайы туристер назарынан тыс қалған емес. Себебі шейх атағына ие кәсіпкер өмір бойы ел аралап, қымбат жәдігерлер жинаумен айналысқан. Шейхтің сирек кездесетін өткен ғасырға тиесілі көліктер коллекциясы бүгінде ел астанасы Дохадағы сауда орталықтарының бірінде көрмеге қойылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Шейх Фейсал бен Қасим Әл Тани қазіргі таңда Катар билігінде отырған Әл Тани әулетіне алыс туыс болып келеді. Алайда оның шейх атануына тегі немесе саяси лауазымы әсер етпеген деседі. Фейсал бин Қасим Әл Таниды ел көрнекті катарлық кәсіпкер, филантроп және коллекционер, түрлі салаға үлес қосқан адам ретінде таниды.
Катар астанасы Доха қазан айынан бастап туристер мен спорт жанкүйерлері жиналатын жерге айналды, сондықтан ел көп жүретін сауда орталықтарының біріне шейх Фейсал бен Қасим Әл Танидың классикалық және спорттық үлгідегі 13 автокөлігі қойылған.
Шейхтың қымбат жәдігерлерін Доха орталығында орналасқан сауда орталығына келушілердің әрқайсысы тегін көре алады.
Мұнда 1965 жылғы қызыл түсті америкалық Mustang Fastback, 1968 жылғы Camaro SS 396 бірден көзге түседі.
Сондай-ақ автокөлік сүйер қауым Chevrolet Courvette, Porsche 944, Lotus Europa Special и Nissan Datsun көліктерін айналып өте алмайды.
Жалпы, шейхтің коллекциясында 300-ден астам винтаж автокөлік бар. Классикаға айналған бұл көліктердің пішіні қазір көпке қызық.
Фейсал бен Қасим Әл Танидың жекеменшік мұражайы келушілерді 120 жыл бұрынғы әлемге саяхат жасағандай әсер қалдырады.
Ал негізгі мұражай Дохадан 40 минуттық жерде орналасқан. Мұражай 15 көрме залынан тұрады, шейх жәдігерлерді 50 жыл бойы жинаған.
Жалпы жергілікті халықтың сөзінше, Фейсал бин Қассим Әл Тани өнерсүйгіш адам. Оның жеке коллекциясы Таяу шығыста жоғары бағаланады, және онда әр аймақтан, әр уақыттан сыр шертетін жәдігер көп жинақталған. Шейх коллекциясында ежелгі ислам қолжазбалаларынан бастап замануи шығармаларға дейін бар. Бұл кәсіпкердің мәдени мұраны сақтауды мұрат ететінін көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2058003-300-den-astam-vintaz-koligi-bar-katar-seixi-turaly-ne-bilemiz-foto/