jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шығыс Қазақстанда қар барысы түн ортасында камераға түсіп қалды (видео)

Қар барысы
Қар барысы. Видеодан кадр: instagram.com/katonkaragai.semi

Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ұлттық саябағында түн ортасында серуендеп жүрген қар барысы камераға түсіп қалды. Кадрларды орман шаруашылығы басқармасының өкілдері көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қар барысы түсірілген видео Катонқарағай мемлекеттік табиғи қорығының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған.

Түнде түсірілген кадрларда аласа жартастың жанында жүрген жабайы жануарды көруге болады. Ол жартастың айналасында иіскелеп, бірдеңе іздегендей жүргені көрінеді.

Ұлттық саябақ өкілдерінің хабарлауынша, видео Аршаты орман шаруашылығында орнатылған камераға түсірілген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы хайуанаттар бағы Паша мен Лола атты шимпанзелердің сурет салып отырған видеосын жариялаған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.