Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытты болу өнері: хюгге деген не және ол туралы не білу керек

Опубликовано:

Бақытты адам
Бақытты адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хюгге — даттың өзге елдерді де қуатқа бөлейтін бақыт рецепті. Бұл не, оның құбылысы неде? Бәрі де оп-оңай. Бастысы — сезініп, рахат алу.

Хюгге мәні жайлылық пен молшылық

Хюгге деген не? "Хюгге" түсінігі скандинав елдерінен шыққан (дат. "hygge"). Ол жайлылықты, молшылық пен қанағаттануды сезіне отырып, қарым-қатынас құруды білдіреді. Норвег және дат тілдерінің Этимологиялық сөздігі хюггені "жақсы", "әдеттегі", "жайлы" және "қауіпсіз" деген сөздермен сипаттауға болатын ерекше психологиялық жағдай деп келтірген.

Collins English Dictionary сөздігі бойынша, хюгге даттың жақсы, жеңіл, оңай әрі таң-тамаша өмір концепциясын сипаттауда қолданылады, бұл жағдайда басты назар жайлылыққа, жақындыққа және қауіпсіздікке назар аударылады.

Даттың жазба тілінде "hygge" сөзі XIX ғасырда пайда болған. Ол норвегтің "молшылық" немесе "құшақ" деген сөздерінен шыққан болуы мүмкін. Ол көне скандинавтың "hugga" деген "жайлылықты" білдіретін сөзімен байланысты болуы мүмкін.

Хюгге — Данияның ұлттық концепциясы

Хюгге Данияда өзіндік мәдение ерекшелік ретінде салыстырмалы түрде таяуда пайда болған. Мысалы Норвегияда хюгге - әдеттегі сөз, Данияда - даттың өзге елдерде де бақыт рецепті ретінде тарап жатқан ұлттық концепция.

Өмір сапасы бір қарағанда айтарлықтай маңызы жоқ сияқты мәселелермен анықталады. Мысалы, кофе ерітіндісін жарығы пайда болған саптыаяққа құя салып, есіктен шығып бара жатқанда іле-шала іше салудан гөрі, кофе әзірлеу және оны әдемі саптыаяғымен ішу таңды хюгге бойынша атыру саналады.

Кофе құйған келіншек
Кофе құйған келіншек. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өмірді hygge стилінде сүру — бақытты болу

Хюгге бойынша қалай өмір сүру керек? Өмірдің негізгі сәттерін хюгге стилінде өткізу туралы Копенгагендегі бақытты зерттеу институтының негізін қалаушы және жетекшісісі Майк Викинг "Hygge. Даниялық бақыттың құпиясы" кітабында айтып берген. Бақыт әкелетін хюггенің кейбір пункті мынадай:

Өзіңе деген махаббат пен өмірден ләззат алу.

  1. Әдеттегі нәрселерден бақыт.
  2. Сүйіктілеріңмен жақын болу.
  3. Үйдегі жайлылық, майша мен камин.
  4. Тағамнан және оны жасаудан рахаттану.
  5. Белсенді өмір салты.
  6. Бақытты сәттердің қолжетімді болуы.
  7. Рахатқа көбірек мән беру — бақытты көбейтеді.

Хюгге стилінде бастысы — өзіңе деген махаббат пен бәрінен рахат алу, адам не істесе де, айналасында не болса да ләззаттану. Бұл жайлылық пен алаңсыздықтың атмосферасы.

Хюгге жанға пайдалы

"Хюгге" сөзін қалай айтқаныңыз маңызды емес (хугга, хьюгги). "Заманымыздың заңғар пәлсапашысы" Винни-Пух "махаббат" сөзі қалай жазылады дегенде, былай деген еді: "Ол жазылмайды, ол сезіледі". Хюгге туралы айтқанда да дәл осылай, дейді Майк Викин..

Ол заттардан емес, атмосфера мен сезінуге қатысты ұғым. Ол сүйікті жандарымызбен бірге болуда. Алаңсыздық пен рахатты сезінуімізде, өзімізге босаңсуға мүмкіндік беріп, өмірдің үлкенді-кішілі құбылыстарын талқылау немесе біреумен де, жалғыздықта да тыныштықта отырған сәт.

Даттар достармен, отбасымен жайланып, алаңсыз уақыт өткізу, кофе, бәліш немесе сусын ішу жанға пайдалы екенін бәрінен бұрын түсінді, дейді журналист Хелен Рассел.

Балауыз шамы
Балауыз шамы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хюггенің маңызды элементі — от

Скандинавтардың интерьеріндегі стильдің ерекшелігі — үйдің жайлылығы. Бұл тіпті кеңсеге де қатысты. Жұмсақ әрі ашық реңктер (ақ, сұр, әлсін көк), қол тигізуге жағымды табиғи материалдар (ағаш, саз, жүн, зығыр), көзді талдырмайтын жайлы декор.

Бірақ хюгге жасаудың ең оңай әрі жылдам жолы — майшам жағу, деп кеңес береді Майк Викинг. Дат тілінде "тірі оттар" деп айтылады. Даттар майшам жаққанды жақсы көреді. Кез келген жерге де қоя береді: мектеп сыныптарында, бөлмелерді жарықтандыруда және тіпті автокөліктерінде! Әр дат жыл сайын 9 кг балауыз шамын жағып тастайды екен.

Жарық деп тек балауыз шамды айтпаймыз. Жарық аз болатындықтан даттар бөлмесінде бірнеше жарық көзін жағады, мысалы шағын лампа мен каминдегі қызып жатқан шоқ.

Хюгге атмосферасы өмірдің әр сәтінде

Хюгге атмосферасы — жаңа піскен нан өнімінің, глинтвейннің, какаоның хош иісі. Бақытты сатып алуға болмайды, бірақ тәтті нан алуға болады, бұл да соған ұқсайды, дейді Майк Викинг

Ас әзірлеу, дәмінен рахат алу және қонақтарға дәм татқызу — рәсім. Бірақ даттар дені сау ұлт. Дене сымбатын әр нәрсенің шегін білу өнері (даршынмен бесінші тоқаш ләззат сыйламасы анық) мен белсенді өмір салты құтқарады.

Бірақ мұнда да шектеулер немесе терлеп-тепшіп жасайтын фитнес-жаттығулар емес. Олар көбінде скандинав жүрісіп, велосипед тебуді, ұзаққа серуендеуді таңдайды. Даттар өзіне қамқорлықпен қарайды, "қазіргі сәтте" өмір сүре алады және әрбір бақытты минутын бағалайды.

Адамдар
Адамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хюгге бәріне қолжетімді

Бір қарағанда, хюгге бақыт секілді абстрактілі нәрсе болып көрінуі мүмкін. Әсте олай емес. Бұл нақты өлшем. Мәселен бақыт туралы әңгіме табыс пен ЖІӨ туралы әңгімеден озып кеткен, делінген әлемдік бақыт баяндамасында (2023).

Ол өзара тығыз байланысты ләззат пен әл-ауқат деңгейімен өлшенеді. Адамдардың көптеген құндылығы бар, бірақ көбінесе олар әл-ауқат деп санайды. Баяндамада осындай қорытынды жасалады.

Данияда хюгге қоқыс жинаушыдан бастап мэрге дейін бәрі дерлік айналысады, деп жазады лондондық журналист Хелен Рассел, ол Данияның ауылдық жерлеріне көшіп келіп, шаммен кешкі ас ішіп, кітап оқып, терезеде отырып, өте бақытты адам болған. Яғни, хюгге бойынша барлық нәрсе жалпыға қолжетімді. Данияда тұрғындардың ең көп саны бақытты, бұл бақыт рейтингін растап отыр.

Хюгге бүкіл әлемде таныла бастады

Хюгге — бақыттың рецепті ғана емес. Даниялықтар үшін бұл қатал климатта өмір сүру стратегиясы, деп атап өтті Майк Викинг. Суық, бұлтты күндердің, жоғары салықтардың және басқа да қиыншылықтардың басым болуына қарамастан, ең бақытты елдер рейтингінде Дания көшбасшылар үштігінде. 2023 жылғы рейтингте ол Финляндиядан кейінгі екінші орында тұр.

Даниялықтар әрқашан өмірде көптеген ләззат алу жолын біледі және оларды өзі үшін жасайды, осы идеясын басқаларға да жұқтырады. Британдық колледждің студенттері хюгге бойынша ілім алады. Ұлыбританияда скандинав стиліндегі мейрамханалар, кафелер мен барлар көбейіп келеді. Лос-Анджелесте Hygge наубайханасы дәстүрлі дат кондитерлік өнімдерін және басқа да тәттілерді сатады.

Тәтті нан
Тәтті нан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хюгге философиясы қарапайым және түсінікті, оны бірегей деуге де болмайды. Бірақ оны сезініп, қабылдай білу керек. Даниялықтар қабылдады. Бірден бақытты болу үшін өмірден ләззат алу маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062574-baqytty-bolu-oneri-xyugge-degen-ne-zane-ol-turaly-ne-bilu-kerek/

pixel