Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 27 ақпан күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз, себебі махаббат жолы ешқашан оңай болған емес. Қайта сүйіктіңізді кездесуге шақырып, қандай да бір мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, талқылап, ортақ шешімін табуға тырысыңыз.

Торпақ

Бүгін сүйікті адамыңызға қызғануға себеп бермеңіз: ұстамдыра болыңыз. Сбебі қарым-қатынасыңыз ушығып кетіп, соңы жақсылыққа апармауы мүмкін.

Егіздер

Бүгін кеш - өзіңізге ұнайтын жанмен танысуға, батыл әрі романтик болуға таптырмас уақыт. Ал егер сүйіктіңіз бар болса, оны кешкі асқа шақырып, бірге тамаша уақыт өткізіңіздер.

Шаян

Егер сүйіктіңізге өз сезіміңізді білдіруге әлі дайын емеспін деп ойласаңыз, керісінше, батылырақ болыңыз! Алайда тек әдемі сөздермен баурап аламын десеңіз, қателесесіз. Кім де болсын, сөзден гөрі іспен дәлелдегенді ұнатады емес пе?

Арыстан

Бүгін махаббатыңызды кездестіруге мүмкіндік бар, сондықтан адамдармен өте шынайы болыңыз.

Бикеш

Бүгін екінші жартыңыз сізге сый-құрмет көрсетіп, сезімдеріңізге деген сеніміңіз арта түседі. Сол себепті сіз де аянып қалмай, сүйіктіңіздің романтикаға толы сәттерді барынша сезінуіне сеп болыңыз.

Таразы

Сүйіспеншілікте серіктесіңізге қысым жасамаңыз, жұмсақ және ашық болыңыз, сонда ол сізбен бірге қуана-қуана уақыт өткізеді.

Сарышаян

Есіңізде болсын, сүйіспеншілік сіздің барлық ісіңізде ең маңызды критерий. Міндеттемелеріңіз бен уәделеріңізге берілмеңіз.

Мерген

Қарым-қатынастағы эмоциялардың артуы сізді қуантады және сіз бұрыннан келе жатқан проблемалық жағдайдың шешімін табасыз.

Тауешкі

Сүйікті адамыңыздың әрекетін бақылаңыз. Аса бір маңызы жоқ, ұсақ-түйек болып көрінген нәрселер нағыз проблемаға айналуы мүмкін.

Суқұйғыш

Сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындап кетіп, шешімін таппай жүрсеңіз, бірнеше айға үзіліс алыңыз. Бұл оңаша қалып, барлығын қайта дұрыстап ойлануыңызға көмектесері сөзсіз.

Балықтар

Бүгін романтикалық қарым-қатынасты өздігінен бастау немесе жай ғана танысу үшін өте қолайлы. Тартымдылығыңыз бен сүйкімділігіңізге сенімді болыңыз және кездесуде ұмытылмас эмоцияларға бөленіңіз.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Жақындарыңызға қарыз беруден бас тартыңыз. Бұл қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі. Егер сіз олардың қарызды қайтара алмайтыныңызды сезсеңіз, бұл туралы тура айтыңыз.

Торпақ

Бұл күніңізді отбасыңызға арнап, орын алған қандай да бір проблемалар болса, оларды шешуге тырысыңыз.

Егіздер

Бүгін бүкіл отбасымен белсенді демалу үшін жақсы күн. Табиғатқа немесе саябаққа барыңыздар.

Шаян

Жақындарыңыздың қателесуіне кешіріммен қараңыз. Себебі, бәріміз де пендеміз, біреудің қателігін бетіне басып айта беруден гөрі көмектескеніміз әлдеқайда абзал.

Арыстан

Отбасыңызбен уақыт өткізуге тырысыңыз. Мысалы, жақын адамдарыңызбен әңгіме-дүкен құрып, кешкі ас ішіңіз немесе көңіл сергітіп, ойын-сауық орталығына барыңыздар. Бәлкім, сізге дәл осы нәрсе жетіспей жүрген болар.

Бикеш

Балаларыңыз үшін алаңдамауға тырысыңыз: олардың қажеттіліктері сіз үшін әрқашан маңызды болады. Олар өздерін бағалайтынын және жақсы көретінін білсін.

Таразы

Кей уақытта үйіңізде орын алған қиындықтарды жеңу үшін кажырлы күш-қуат қажет болуы мүмкін. Біреулер кеңес айтып жатса, еріп кетпеңіз, себебі кейбірі тым асығыс болуы мүмкін.

Сарышаян

Бүгінгі күні отбасында үйлесімді және жайлы атмосфераны құру өте маңызды: бірлескен іс-шаралар, дүкен аралау, ойын-сауық ұйымдастыру немесе жай ғана жағымды әңгімелесу бұған көмектеседі.

Мерген

Жақындарыңызбен қарым-қатынаста ашық болыңыз. Бүгін қандай да бір отбасылық кездесуді жоспарлауға болады. Жақын туысыңызды таңғы асқа шақырып, дәмді ас үстінде жайбарақат әңгімелесуден рахаттаныңыз.

Тауешкі

Ата-анаңызбен ашық сөйлесіңіз: олардың сізге айтар жаңа ұсыныстары болуы мүмкін.

Суқұйғыш

Отбасыңызда түсініспеушілік орын алса, оны кейінге қалдырмай, дәл қазір шешу жолдарын қарастырыңыз. Ата-анаңызға көңіл бөліп, аға буын туыстарыңызбен араласыңыз және шынайы болудан еш қорықпаңыз.

Балықтар

Бүгін қандай да бір отбасылық кездесуді жоспарлауға болады. Жақын туысыңызды таңғы асқа шақырып, дәмді ас үстінде жайбарақат әңгімелесуден рахаттаныңыз.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Достар жалпы жетістіктер аясында өзіңізді құнды сезінуге көмектеседі және қиын сәттерде сенімді тірекке айналады.

Торпақ

Жалғыздық күйінен шығуға тырысыңыз. Бұл сізге қуаныш сыйлап, жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ достық қарым-қатынастарыңызды кеңейту және жаңарту уақыты келді.

Егіздер

Достармен сөйлескенде әдептілік назар аударыңыз: бұл көптеген мәселені шешеді. Олармен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз.

Шаян

Әріптестеріңізге, достарыңызға және таныстарыңызға мұқият болыңыз, бүгін ұсақ-түйек үшін жанжалдасу оңай. Сіз жалғыз емессіз: бұл күні жақын адамдарыңыз да қиын күндерді бастан кешіруде.

Арыстан

Жаңа ортада әңгіме-дүкен құрудан қашқақтамаңыз, сонда достар табу да оңайырақ болмақ. Сондай-ақ өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсетіп, әңгімелесіп отырған адамыңыздың айтқандарын қызығушылық танытып тыңдаңыз.

Бикеш

Достық қарым-қатынасыңызды нығайту үшін достарыңызға деген қызғаныш пен немқұрайлылықтан арылуға тырысыңыз. Бұл тамаша бастама болмақ.

Таразы

Күн жаңа адамдармен танысуға қолайлы. Достарыңызды шақырыңыз, аттракциондарға, кинотеатрға барыңыз.

Сарышаян

Бүгін сізге достық қарым-қатынастарыңызды берік және жақсы қалыпта ұстау қиын болады. Достығыңызда жанжал немесе түсініспеушіліктер болдырмас үшін барынша дос адамдарыңыздың қас-қабағына қарап, көңілінен шығуға тырысыңыз.

Мерген

Бүгін достық қарым-қатынасты айтарлықтай қажет етесіз. Бұл – жаңа достармен, пікірлес адамдармен кездесуге қолайлы күн. Сондықтан өз ой-пікіріңізбен және сезіміңізбен бөлісуге ұялмай, қайта пайдалы байланыс орнатыңыз.

Тауешкі

Басқа адамдардың сөздері мен сезімдеріне тым сезімтал болмаңыз, өйткені бұл сіздің достық қарым-қатынасыңызға кері әсер етуі мүмкін.

Суқұйғыш

Достарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Сол себепті шыдамдылық танытып, әр айтқан сөзіңізге мән беріңіз. Өз ойыңызды басқаларға таңып, сізден еш сұрамаса, кеңес беруге асықпаңыз.

Балықтар

Бүгін достарыңызбен қуанышыңызды бөлісу маңызды, сонымен қатар жақсы көңіл күйді сақтау маңызды.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін сіз өзіңізге және өзіңіздің кәсіби қызметіңізге қанағаттану сезімімен бірге боласыз. Бұл кәсіби салада жаңа жетістіктерге жетуге және кәсіби салада өз ұстанымыңызды нығайтуға мүмкіндік береді.

Торпақ

Бүгін жұмыста шамадан тыс жүктелмеуге тырысыңыз, өйткені бұл жұмыс барысына сапасына әсер етеді: перфекционист болмаңыз, тиімдірек жұмыс істеңіз және нәтиже айқын болады. Бұл күні ағымдағы ұсақ істермен айналысқан абзал.

Егіздер

Бүгін бәрін мұқият ойластырмайынша маңызды қаржылық шешімдер қабылдамағаныңыз жөн.

Шаян

Интернетті шолуға қатаң шектеулер қойыңыз. Енді сіз тек желілерде ғана емес, Интернетте де күрделі мәселелерге тап болуыңыз мүмкін.

Арыстан

Әріптестеріңізді қандай іс-шараларға жіберетініңізді өзіңіз шешіңіз: бұл компания үшін шынымен пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан қолыңыздан келгенше аянып қалмаңыз.

Бикеш

Жаңа нәрселерге ашық болыңыз және барлық ісіңізде бастамашыл болыңыз. Бастаманы өз қолыңызға алудан қорықпаңыз. Маңызды шешім қабылдауға немесе басқа мансаптық перспектива ашуға мүмкіндік аласыз.

Таразы

Жаңа жобаны бастау үшін таптырмас күн: бизнес бастамаңыздың сәтті болатындығына мүмкіндік бар.

Сарышаян

Бүгін жақсы интуицияның арқасында бизнес стратегияңызды жоспарлауды бастаңыз.

Мерген

Жұмыс туралы стереотиптермен күресіп, өзіңізді батыл қорғаңыз. Сіздің дағдыларыңызға сыртқы қызығушылық тудыратын салауатты әдетті дамытыңыз.

Тауешкі

Бизнес туралы азырақ ойлаңыз. Жұмысты кәсіпқойларға тапсырыңыз, сізде басқа міндеттер бар.

Суқұйғыш

Мұқият болыңыз: мерзімдерді, келісімдерді сақтауға тырысыңыз және осы уақыт ішінде ұсақ-түйекке алаңдамаңыз. Жауапкершілік сезімін және ұйымдағы позицияңызды нығайту үшін қабілетіңізді пайдаланыңыз.

Балықтар

Бүгін жұмыста қиындықтар туындауы мүмкін, сондықтан барынша көп нәрсені істеуге дайын болыңыз. Кешке қарай нәтижесі үмітіңізді ақтайды, бастысы, жұмысыңызды тоқтатпаңыз.

Денсаулық жұлдызнамасы

Тоқты

Жұмыс күні немесе ұзақ жұмыс күнінен кейін эмоционалды және психикалық денсаулығыңызға назар аударыңыз. Бұл өзіңізге деген сенімділікті нығайтады және депрессиямен күресуге көмектеседі.

Торпақ

Бұл күн спортпен шұғылдануға өте қолайлы. Үйде йогамен айналысуға немесе жақын жердегі орталықта фитнеске баруға болады.

Егіздер

Бүгін динамикалық және статикалық жаттығуларды, созылу және тыныс алу жаттығуларын біріктіретін сауықтыру гимнастикасыны жасайтын уақыт. Мұндай жаттығуларды үнемі орындау бұлшықет тонусын нығайтуға, денеңізді сау және жігерлі етуге мүмкіндік береді.

Шаян

Бүгін өзіңізді жақсы сезінбеуіңіз мүмкін. Бірақ денсаулыққа қатысты проблемаларды тез шешуге болады. Мүмкін болса, жұмысыңызды қоя тұрып, біраз ұйықтап алыңыз.

Арыстан

Тірек-қимыл аппаратында проблемалар болса, физиотерапияға барыңыз - бұл тірек-қимыл аппаратының жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Бикеш

Белсенді болуға тырысыңыз: спортпен шұғылданыңыз. Демалысты жоспарлаңыз, қызықты жерлерге барыңыз. Теріс эмоциялар мен күйзелістен арылыңыз, йога терапиясының сеансына немесе психологиялық кеңеске қатысыңыз.

Таразы

Құрамында кофеин бар сусындарды шамадан тыс пайдаланбаңыз. Қуат қорыңызды басқа да пайдалы сусындармен оңай қалпына келтіре аласыз.

Сарышаян

Тамақтан улануды болдырмау үшін тағамның қауіпсіздігін ескеріңіз. Мәзірден консервілерді, өңделген тағамдарды және фастфудты алып тастауға тырысыңыз.

Мерген

Бүгін алкоголь мен қант көп тағамдардан сақ болған жөн, дегенмен өзіңізді ұстау қиын болады. Оның орнына алкогольсіз, бірақ өте пайдалы шырын ішіңіз.

Тауешкі

Егер кеше түнде денсаулығыңызға теріс әсер ететін эмоциялар болса, бүгін бақылауға алыңыз және қажетсіз стресстің алдын алыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін сіз күш-қуатқа толы боласыз: күні бойы сізді ештеңе шаршатпайды. Бірақ түстен кейін жақсылап ұйықтап алыңыз, әйтпесе кешкісін өзіңізді шаршаңқы сезінуіңіз мүмкін.

Балықтар

Көп күш жұмсамайтын спорт түрін таңдаңыз. Денеңізді қатайту үшін күн сайын аздап әрекет етуден артық ештеңе таба алмайсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062948-bugingi-zuldyz-zoramal-27-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel