Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қар барыстары видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Таудағы қар барысы
Таудағы қар барысы. Көрнекі сурет: MOHD ARHAAN ARCHER/AFP via Getty Images

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қар барыстары фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы парктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Аталмыш жыртқыштар @kolsailakes_nationalpark орнатылған фототұзаққа түсіп қалған. Қар барысы - 1978 жылы еліміздің Қызыл кітабына енгізілген Қазақстанның сирек кездесетін ірі жыртқыштарының бірі. Қар барысы көптеген халықаралық табиғатты қорғау бастамаларының нысаны болып саналады", - делінген хабарда.

Сондай-ақ, хабарға қарағанда, 2013 жылы Бішкекте Қазақстанды қоса алғанда, 12 ел "қар барысы мен оның экожүйесін сақтаудың жаһандық бағдарламасын" (GSLEP) қабылдаған. Осы бағдарлама аясында 2013 және 2017 жылдары Бішкек декларацияларына қол қойылды.

"2024 жылғы 11 ақпанда Өзбекстанда COP 14 аясында GSLEP отырысы өтті. Бұл кездесу бағдарламаны жүзеге асырудағы прогресті талқылауға және барысты сақтау бойынша одан әрі іс-қимыл жоспарларын жасауға арналды.

Бұл құжаттар қар барысын сақтау қажеттіліктерін нақты тұжырымдайды, сонымен қатар адамдар үшін де, табиғат үшін де жағымсыз салдарға әкелетін тау экожүйелерінің апатты деградациясының алдын алу мақсатында тұрақты даму жолымен жүру қажеттіліктерін көрсетеді. Ұлттық парк аумағында 2023 жылы жабайы жануарларды есепке алу қорытындысы бойынша 20-ға жуық қар барысы тіркелді", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2065144-almaty-oblysynda-qar-barystary-videoga-tusip-qaldy/

pixel