Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 29 наурыз күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдызды аспанға қарап тұрған жігіт
Жұлдызды аспан. Көрнекі фото: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Мансапта маңызды тәжірибе алу мүмкіндігі пайда болады. Жаңа салада сіз дамудың тағы бір деңгейіне көтеріле аласыз.

Торпақ

Бүгін жұмысыңызда жемісті күн болады. Жалақыңыздың көбеюіне сеп болатын жаңа ұсыныстар түсуі мүмкін. Ай соңында маңызды хабарландыруды жіберіп алмас үшін абай болыңыз.

Егіздер

Жұмыста бірнеше шағын тапсырманы орындаңыз және оларға арнайы уақыт бөліңіз. Кестені пайдаланыңыз, сонда нәтижелер де әлдеқайда жақсы болмақ.

Шаян

Жобаларда көшбасшы немесе ұйымдастырушы рөлін алуға дайын болыңыз. Шығармашылық тұрғысынан өзіңізді көрсетіңіз және шабытыңызға ерік беріңіз.

Арыстан

Қол астындағыларыңызға аздап босаңсуға мүмкіндік беріңіз, бұл командадағы тәртіпті жолға қою үшін жасалуы қажет маңызды нәрсе.

Бикеш

Бүгін кәсіби салаңыздағы маңызды күн: кәсіби тұрғыдан өсу, танымалдылық күтуге болады.

Таразы

Шығармашылықты шыңдауға мүмкіндік беретін салаларға назар аударыңыз. Жұмыс істегіңіз келетін және шынайы қызығатын дүниеге мән беріңіз.

Сарышаян

Жұмыстағы аура нашарлауы мүмкін: күйзеліс енді күштірек сезіледі: нарықтың тұрақсыздығы салдарынан әріптестер мен серіктестер арасындағы бәсекелестік күшейеді, ұжымда тепе-теңдікті сақтау үшін шешім шығарып, жұмысты бақылауды күшейту қажет болады. Бұл кезеңде демалыс алудың пайдасы зор.

Мерген

Қуатыңызды босқа ысырап етпеңіз. Бүгін маңызды нәтижелерге жету үшін өзіңізге уақыт бөліңіз.

Тауешкі

Бүгін кәсіби дағдыларыңызды дамытуға уақыт бөліңіз, бұл сізге жаңа деңгейге көтерілуге және жаңа клиенттер тартуға көмектеседі. Сонымен қатар жұмыстақызметкерлермен қарым-қатынас орнату да маңызды болмақ.

Суқұйғыш

Бүгін жұмыста бұған дейін істеп жүрген тұстарға көбірек назар аудару маңызды. Жаңа жобалар, мүмкіндіктер мен міндеттер бойынша ұсыныстарға назар аударыңыз.

Балықтар

Айдың соңында қиын жағдайға тап болмас үшін бүгін кез келген нұсқаулар мен келісімдерді орындау кезінде барынша мұқият болыңыз, серіктестікте адалдық пен икемділік танытыңыз.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Ата тегіңізден қалған ерекше құндылықтарды қабылдауға дайын болыңыз. Бұл сіздің ата-тегіңізбен эмоционалды байланысыңыздың үзілмеуіне мүмкіндік беріп, туыстық сезімді күшейтуге көмектеседі.

Торпақ

Отбасы мүшелерін қалай қуантуға болатыны туралы ойланыңыз. Мысалы сыйлықтар сатып алыңыз, кешкі ас дайындаңыз, ойын-сауық ұйымдастырыңыз.

Егіздер

Егер сіздің туыстарыңыз үйдегі басқа біреудің мүлкіне қол сұққан жағдай болса, бұл жағдайды оңды жолмен шешуге тырысыңыз.

Шаян

Отбасылық мерекеге шақыртуды күтпеңіз. Туыстық қарым-қатынаста адамдар бір-біріне шақыртусыз-ақ барады.

Арыстан

Отбасында ерлі-зайыптылар өзін жақсы сезінуі үшін қамқорлық танытып, жауапкершілікті де теңдей бөлісуге болады. Екі жұптың еңбегі еленбей қалмауы керек.

Бикеш

Күн саяхат пен ұзақ сапарлар үшін қолайлы. Егер сіз саяхатқа шығуды шешсеңіз, міндетті түрде отбасыңызбен саяхаттаңыз, бұл отбасыңыздың әрбір мүшесі үшін өте нәтижелі демалыс болмақ.

Таразы

Жақын адамдарыңызбен сырласып, әңгімелесуді ұмытпаңыз. Олармен сөйлесуге және пікірін тыңдауға тырысыңыз. Бұл маңызды.

Сарышаян

Бұл күні отбасыңыз сізге эмоционалды тұрғыдан әсер етпек болуы мүмкін. Тым эмоцияға берілмеңіз немесе алаңдамаңыз. Отбасылық құндылықтарыңыз да өте маңызды екенін ұмытпасаңыз болғаны.

Мерген

Балаларыңызбен қарым-қатынасыңызға назар аударыңыз: олар іштей тынса, әңгімелесіп, сыр тартуға асығыңыз.

Тауешкі

Бүгін отбасыңыз сізге жағымды тосынсыйлар мен сыйлықтар жасауы мүмкін. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз, көбірек демалыңыз және жақын адамдарыңызға алғыс айтуды ұмытпаңыз.

Суқұйғыш

Жасөспірім балаларыңызға қатысты күрделі шешімдер шығаруға дайын болыңыз.

Балықтар

Үйдегі үлкендермен қарым-қатынасыңызды жақсартуға көбірек көңіл бөліңіз. Үй шаруасына романтика қосып, айналаңызды қуантуға асығыңыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Сүйіктіңізбен бірге қарым-қатынасыңыз сіз үшін неліктен маңызды екенін және оның эмоционалды байланысы мен қамқорлығына неліктен мән беретіндігіңіз туралы ойыңызды қағаз бетіне түсіріңіз.

Торпақ

Қарым-қатынаста жұмсақтық танытыңыз, жеке шекараңызды бағалаңыз. Серігіңізге үнемі шектеулер қойып, сізге тәуелді болуға мәжбүрлемеңіз, бірегейлігіңізді бағалаңыз.

Егіздер

Сізді жеке өміріңізде маңызды оқиғалар күтіп тұр. Бұл махаббат, қарым-қатынас немесе үйлену болуы мүмкін.

Шаян

Сүйікті адамыңызбен сезіміңіз туралы ашық сөйлесуді ұмытпаңыз. кенде эмоцияларды көрсетуден қорықпаңыз: оған сіздің шынайылығыңыз ұнайды.

Арыстан

Өзіңізді тыңдаңыз, серіктесіңіздің қай мінезі ұнайтынын анықтап көріңіз. Бұл сіздің мәңгілік серігіңіз болмауы мүмкін, бәлкім ол жай ғана сізге ұқсайтын жан шығар?! Ойланып көріңіз. .

Бикеш

Бүгін сіз қызғаныштың "шырмауына" түсуіңіз. Серігіңізде өзгелерден жайдан-жай қызғануыңыз мүмкін. Абай болыңыз. Шектен шығып кетпеңіз.

Таразы

Бүгін сіз ерекше, күтпеген және таңғаларлық махаббат сезімін бастан кешіресіз.

Сарышаян

Жаңа қарым-қатынасқа дайын болыңыз, сүйікті жаныңызды мүлдем жаңа қырынан танисыз. Бұл қарым-қатынасты жақсарта түсіп, бір-біріңізге құмарта түсесіздер.

Мерген

Махаббатқа және ғашығыңызға деген сеніміңізді жоғалтпаңыз. Сенім үлкен күшке ие екенін ұмытпаңыз.

Тауешкі

Бүгін жеке өміріңізде өзгерістер болуы мүмкін. Қаймықпаңыз. Үміт үзбеңіз.

Суқұйғыш

Сақ болыңыз, бұл күні екінші жартыңызды кездестіруге мүмкіндік бар. Тағдыр тосынсыйлар жіберуі әбден мүмкін.

Балықтар

Қарым-қатынасыңызда өзгерістер туындауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2074584-bugingi-zuldyz-zoramal-29-nauryz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel