Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыңыр, қырсық, тәкәппар: жұлдызнама бойынша белгі өкілдерінің кемшіліктері мен жаман әдеттері қандай

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал белгілері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өмірде мінсіз адам болмайды, ал өзгенің жаман әдеттерін көп адам қабылдай алмайды. Мұндай әдеттер тіпті агрессия тудыруы мүмкін. Кейбір белгі өкілдерінің кемшілігі көзге ерекше көрініп тұрады. Бұл жөнінде астрологтардың пікірлерін білдік.

Тоқты – қызбалық

Тоқтылар әдетте тәуелсіз және өрмінезді келеді. Бұл оларды кемелдікке ұмтылдырады әрі шыдамсыздығын байқатады. Тоқтының қызба мінезі есірік ұстауға дейін барады. Олар бір шатырдың астында от белгісімен өмір сүретін жандарды айтпағанда, сырттан қарап тұрған адамды да қорқытады.

Instaastro астрологиялық порталының мәліметінше, белгі өкілдері ойланбай әрекет жасап, асығыс шешім қабылдауға бейім. Олар әркез сәби секілді болмай, өзін-өзі бақылауды және шыдамды болуды үйренуі керек.

Ренжіскен жұп
Ойға шомып отырған қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Торпақ – қыңырлық

Торпақтың сенімді әрі ыңғайлы қасиетін бәрі біледі. Ол айналасына тепе-теңдікпен, байсалды көзқараспен қарайды. Бірақ Торпақтың жақын адамдары бұл белгі өкілдерінің өте қыңыр екенін біледі. Торпақты әлденеге сендіру мүмкін емес. Әйелдерге арналған Cosmopolitan журналының астрологтарының айтуынша, ол жай ғана өзімен келіспеген адамдарға деген құрметі мен қызығушылығын жоғалтады.

Ол өзгерістерге бейімделу қиынға соғады. Бұл кемшілік оны адамдарға жағымсыз етеді. Барлығы Таурусты қатал және мойынсұнбайтын адам деп ойлай бастайды. Адамдарды қорқытпау үшін икемді ойлау керек.

Егіздер – шалағайлық

Ақылды, тапқыр және кез келген ортаға бейімделгіш Егіздер адамдармен оңай тіл табысады. Олар мәселенің барлық қырын көріп, шешімін таба алады. Олар жағымсыз нәрселерге мән бермей, жеңіл әрі қызықты өмір сүреді. Оған қоса жоспар құру мен кестеге сай жүруді жек көреді, кенеттен болған жағдайларды жақсы көреді.

Ауа белгісінің өкілдері өте құбылмалы және шешім қабылдауы қиын, олардың басты кемшілігі де осында. Medium әлеуметтік басылымы олардың айнымалы мінезі туралы жазған. Мұндай мінез мүмкіндіктерді жіберіп алуға итермелейді, содан кейін жоғалтқан уақыттың орнын толтыруға мәжбүр етеді. Сонымен қатар, Егіздер үшін қарым-қатынас орнату қиын, олар жауапкершілікті ұнатпайды.

Шаян – қыңырлық

Қамқор Шаяндар сенімді қорғаушы және тамаша серіктес бола алады. Олар адамдардың эмоцияларын оқиды және өз сезімін қалай жеткізуге болатынын біледі. Қолдау көрсетіп, жұбата алады. Оның басқа белгілерден айырмашылығы, негативті пікірдегі адамдар оның сағын сындыра алмайды, ал көңілсіз адамдар романтик болып көрінеді.

Шаяндардың эмоцияға жақын болуы оларды мазасыз, қыңыр әрі көңілсіз етеді. Олар агрессивті болады. Белгінің шамадан тыс реактивтілігі мен жоғары сезімталдығы қағажытады. Шаян үнсіз тығылады немесе бақытты адамдарға шабуыл жасайды. Жалғыз қалмау үшін эмоцияңызды бақылауға алу керек.

Көңілсіз қыз
Көңілсіз тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арыстан – тәкаппарлық

Батыл және өзіне сенімді Арыстан көбіне қандай да бір команданың, компанияның көшбасшысына айналады. Мақтаншақ белгі өзіне өзгелердің үнемі назар аударғанын және оның қадір-қасиетін мойындағанын қажет етеді. Ол өзін мақтағанды ​​жақсы көреді, бірақ жағымпаздық пен шындықты ажыратуды білмейді.

Қолында билігі бар мейірімді және жомарт Арыстан мақтан сөзге ереді. Билеп төстеуге құмар әрі менмен болады. Кикілжің мен қарама-қайшылықтарға жиі тап болады. Оның үстіне қателескенін мойындай алмайды. Ол кешірім сұрауды білмейді және әркез қатал, агрессивті мәлімдемелерімен адамдарды ренжітеді. Арыстанның эгосы - зодиак шеңберіндегі ең үлкен және ең осал тұсы.

Бикеш – перфекционизм

Еңбекқор әрі ақылды Бикеш үлгілі қызметкер және тамаша серіктес бола біледі. Ол үнемі ізденіп, дамып отырады, жақсылыққа ұмтылады, әрбір ісіне егжей-тегжей қарап, өмірде табысқа жетеді. Ол жұмыс пен демалысты жоспарлауды біледі, сонымен қатар жоспарын орындайды.

Бикеш – сыншы және перфекционист. Ол өзіне және басқа адамдарға тым жоғары талаптар қояды. Оның ойынан шықпаған дүние Бикешті көңілсіз етеді, фрустрацияға әкеледі. Осылайша Бикеш достарын, серіктестерін және жан тыныштығын жоғалтады. Оған басқа адамдарды жиі мақтап тұру зиян болмас еді.

Таразы – жалтақтық

Таразы – зодиак ішіндегі ең жақсы белгі. Жұмсақ, мейірімді, тамаша мінез-құлық пен ерекше талғамы бар. Олар – ақылды, көпшіл әрі дипломат. Олармен араласып, достасудың өзі бір ғанибет.

Таразылардың кемшілігі жағымпаздық пен бір шешімге келе алмауымен байланысты. Адамдардан бас тарта алмау оларды өз еркіне қарсы әрекет етуге мәжбүр етеді. Бұл мейірімді және көпшіл белгінің бақытсыз және өмірге қанағаттанбауына итермелейді.

Таразылардың тағы бір осал тұсы – шешім қабылдаудағы күрделі қиындықтармен жолығуы. Жетінші белгі өкілдері үнемі екіұшты және жиі өкінетін импульсивті шешімдер қабылдайды.

Ер адам
Артқа қарап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарышаян – кекшілдік

Еліктіргіш және күшті Сарышаян харизмасымен әр бір дүниеге мән бере алатын қабілетімен өзгелерді баурап алады. Әр адамның ойын оқиды, әлсіз жақтарын тауып, оны шебер басқарады. Ведалық астрология бағытындағы Astroved басылымының мәліметі бойынша Сарышаян бақылаушы адам болып саналады.

Оның қасында жүру оңай емес, өйткені нағыз Сарышаян қызғаншақ, қорқынышты және өте кекшіл. Ол ренжіткенді кешірмейді, сөзі жүрекке тиеді және дұшпанын аямайды. Оған адамдарға көбірек сеніп, қарым-қатынастан драма жасауды доғару жақсы болар еді.

Мерген – жауапсыздық

Мерген – әу бастан оптимист, әзілкеш және сауықшыл. Ол шытырман оқиғаларды жақсы көреді, ал мұндай сәттер қиындықтарға ұласып жатады. Тым ұқыпсыз және абайсыз, бұл байсалды адамдарды қорқытуы мүмкін. Сонымен қатар Мерген әрқашан әрі қарай не болатынына қарамастан ойындағысын айтады.

Ырықсыздық, шыдамсыздық және аңғалдық бұл белгінің әлсіз тұстары саналады. Мергенді пікірін ешкім сұрамайтын уағызшы деуге болады. Сонымен қатар ол жауапсыз және өз міндеттерін оңай орындамай қоюы мүмкін.

Тауешкі – қатыгездік

Тауешкі – мансабы мен қаржысы үшін жеке өмірін құрбан ететін еңбекқор адамдар. Материалист тұлға жақындарымен өткізетін маңызды отбасылық сәттерден үнемі қалыс қалады. Оған тайм-менеджмент және жұмыс пен жеке өмірді үйлестіре білу сабағын үйрену артық болмайды

Оның ойлары ұтымды, өзі пессимист әрі талғампаз. Ол қалай босаңсуды білмейді және сүйіспеншілік пен нәзіктік көрсете алмайды, сол себептен қатігез болып көрінеді. Астролог Стивен Сансаның айтуынша, Тауешкілер алға ұмтылуды, кітапты соңына дейін оқығанды жақсы көреді.

Кітап оқыған қыз
Кітап оқып отырған қыз бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Суқұйғыш – арандатушы

Зияткерлік қабілеті мықты Суқұйғыш көбіне оқшау жүреді және бейтарап пікірде болады. Оған адамдармен тығыз байланыс орнату, сезімдерін білдіру және әлемге ашылу қиын. Олар көбіне интроверт, өзімшіл боп келеді.

Белгінің басты кемшілігі – шамадан тыс қызығушылық таныту және бұлжымайтын шындыққа қайшы келуге ұмтылу. Суқұйғыш адамдарды арандату және олардың әсерінен ләззат алу үшін фактілерді әдейі жоққа шығарады. Ganesha Speaks астрологиялық басылымы олардың құмар ойындарға тәуелділігін жазады.

Балықтар – еріксіз

Арманшыл, креативті және романтик Балықтар – барлығының сүйікті белгісі. Олар қиял әлемінде өмір сүреді және шындықпен бетпе-бет келмеуді жөн көреді. Олар өздеріне тым сенгіш, бұл қасиеті басқа адамдардың пайдалануына мәжбүр етеді.

Балықтардың басты кемшілігі – жағдайға төселмейтіні, айнымалылығы, ерік-жігерінің әлсіз болуы және ұялшақ мінезі. Сонымен қатар белгі өкілдері өте жалқау, көп ісін кейінге қалдырады. Олар барлығымен сөйлесе береді, өйткені қажетсіз адамдарды өз өмірлерінен қалай алыстатуды білмейді.

Жаман әдеттер мен кемшіліктерді біліп жүру оны түзету үшін қажет. Адамдардың әлсіз тұстарын түсіну оларды сол қалыпта қабылдаған жөн. Өзін-өзі дамыту және тиімді қарым-қатынас үшін астрологиялық кеңестерді пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2077019-qynyr-qyrsyq-takappar-zuldyznama-boiynsa-belgi-okilderinin-kemsilikteri-men-zaman-adetteri-qandai/

pixel