Бүгінгі жұлдыз жорамал: 4 сәуір күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Мансап жұлдызнамасы
Тоқты
Сақ болыңыз: басшылықпен жанжалдасудан, дөрекі сөйлеуден аулақ болыңыз, қиын жағдайларда өзіңізді ұстауға және сабыр сақтауға тырысыңыз. Сонда жылдар бойы жинаған абройыңызды сақтап қаласыз.
Торпақ
Шамадан тыс көп жұмыс алмаңыз және үзіліс кезінде демалуға тырысыңыз.
Егіздер
Бүгін сізге жаңа салада немесе көптен күткен жобада жұмыс істеу туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Шешімді ойланып қабылдаған жөн.
Шаян
Бүгінгі күні жоспарланбаған шығындар болуы мүмкін, тіпті аз шығынның өзі жүйкеге салмақ салуы мүмкін. Осыған дайын болыңыз.
Арыстан
Көшбасшы ретінде осы уақытқа дейін жасырып келген таланттар мен қабілеттеріңізді көрсететін сәт туды.
Бикеш
Бүгін сізге позицияңызды қорғау немесе қажетсіз кеңес беру қиын болады. Осыған байланысты мансабыңыздағы көп нәрсе жоспарлағандай болмайды.
Таразы
Әр нәрседе кәсіби болуға тырыспаңыз.Мансап жолында өсуді жоспарлап жүрген болсаңыз, шынайы болыңыз, жоспарларыңызды барлық адамға айта беруге болмайды.
Сарышаян
Әр нәрсені шығармашылық тұрғыдан ерекше жасауға тырысыңыз. Кәсіби ортада және одан тыс жерлерде жаңа идеялармен тәжірибе жасап көруге дайын болыңыз.
Мерген
Жұмыста дау-дамай тууы мүмкін: әріптестеріңізбен сыпайы әрі дипломатиялық қарым-қатынаста болыңыз. Өзіңіздің және бизнесіңіздің қауіпсіздігіне мұқият назар аударыңыз.
Тауешкі
Басшылардың айтқанына ермеңіз, егер сіздің ұстанымыңыз сіз ойлағаныңыздан өзгеше болса, өз көзқарасыңызды қорғаңыз. Мүмкін сіздің көзқарасыңыз әлдеқайда дұрыс әрі нәтижелі болар.
Суқұйғыш
Қиындыққа тап болған кезде бастамашылдық таныта біліңіз. Шешім қабылдай алатыныңызды көрсете білген жөн.
Балықтар
Бүгін мансап үшін жақсы күн. Мамандығыңыз бойынша қалауыңызды анықтап, жоспар құрып, бірнеше күн бойы сол жоспарды орындаңыз.
Отбасы жұлдызнамасы
Тоқты
Отбасыңызбен сөйлесіңіз, армандарыңызды, жоспарларыңызды ортаға салып, ақыл сұраңыз.
Торпақ
Шынайы сезімдеріңізді жасырмаңыз, отбасыңызбен ашық сөйлесуге тырысыңыз. Оларға да құрмет көрсету керек екенін ұмытпаңыз.
Егіздер
Бүгін отбасыңызға уақыт бөліп, өткен-кеткенді еске түсіріп, әңгіме-дүкен құрған жөн. Уақытты қызықты және пайдалы өткізіңіз, бірақ бұл ешкімге ауыртпалық салмауы керек.
Шаян
Отбасыңызбен алдағы күндерге жоспар құрып, отбасылық бюджетті қай жаққа бағыттау керек екенін анықтап алған абзал.
Арыстан
Балаларыңызға уақыт бөліп, оларды не алаңдатып жүргенін, қандай арман-мақсаты бар екенін сұрап көріңіз. Қазір оларға сіздің көмегіңіз, ақылыңыз керек болып жүруі мүмкін.
Бикеш
Отбасыңызға ыңғайсыз сұрақтар қоюдан қорықпаңыз: олардан сіз өзіңізді жақсы түсінуге көмектесетін толық жауап аласыз.
Таразы
Жақындарыңызға қысым көрсетуден аулақ болуға тырысыңыз: сізге емін-еркін сұрақ қойып, өтініш білдіруге мүмкіндік беріңіз.
Сарышаян
Жақындарыңызға бұрынғыдан да көбірек қамқорлық танытыңыз. Мансаптан бұрын отбасын алдыңғы орынға қойсаңыз, ұтылмайсыз.
Мерген
Қазір қиын күндерді өткеріп жатқан болсаңыз, оның себебін өзіңізден іздеңіз. Сіздің көңіл-күйіңіз болмауы себептен отбасыңызға қысым жасаудан аулақ болыңыз.
Тауешкі
Отбасы бүгін, тіпті ең қиын жағдайда да сізге жақсы әсер етеді. Отбасылық мәселелерді талқылап, тиімді жолдарын табыңыз. Бірге уақыт өткізіп, ойыңызды ортаға салыңыз, оларды да тыңдауға уақыт бөлген жөн.
Суқұйғыш
Отбасылық қаржыға көңіл бөліңіз: бүгін қаржылық қиындықтар болуы мүмкін.
Балықтар
Отбасыңызбен көңілді кеш өткізуді жоспарлаңыз. Бірге киноға баруға не болмаса үйде қызықты ойындар ұйымдастыруға болады. Бұл өзара қарым-қатынасты нығайта түспек.
Достық жұлдызнамасы
Тоқты
Бүгін достармен әртүрлі себептерге байланысты келіспеушілік туындауы мүмкін. Қызбалыққа салынбай, ұстамдылық танытуға тырысыңыз.
Торпақ
Бүгін достар сізді біліміңізді кеңейтетін немесе тәжірибеңізді тереңдететін пайдалы ақпаратпен қуантуы мүмкін.
Егіздер
Достарыңызбен байланысты үзбеуге тырысыңыз. Ақыл-кеңес қажет болған жағдайда ең алдымен достарға жүгіне алатыныңызды ұмытпаңыз.
Шаян
Ұзақ уақыт көрмеген ескі достардың да амандығын біліп қойған жөн. Кездесу күнін белгілеп қойған да артықтық етпейді.
Арыстан
Бүгін уақыт бөліп, ескі достарыңызбен кездесуге тырысыңыз. Оларды киноға не тамағы дәмді мейрамханаға шақыруға болады. Тиімді ұсыныстар айтылуы мүмкін.
Бикеш
Досыңыз сіздің ақыл-кеңесіңізге мұқтаж боп жүруі мүмкін, уақыт бөліп кездесіп, досыңызды толғандырып жүрген мәселелерді талқылап көруге болады.
Таразы
Ортаңызды жаңа достармен кеңейтуге тырысыңыз. Жаңа таныстар жақсы досыңызға айналуы мүмкін.
Сарышаян
Айналаңыздағыларды жаңа қасиеттермен таң қалдырыңыз. Білгеніңізді бөлісіп, позитивті болыңыз. Тәуекел етуден қорықпаңыз.
Мерген
Адамдармен жұмыс істегенде шыдамды болыңыз, ешкімді ренжітпеуге немесе қажетсіз сынмен ешкімнің көңілін қалдырмауға тырысыңыз. Мүмкін болса, жеке қарым-қатынасқа, әсіресе жаңа таныстармен достыққа көбірек уақыт бөліңіз.
Тауешкі
Ұялшақтықты тастап, бүгін достарыңызбен кездесудің жолын табыңыз; бұл сіз үшін жақсы нәрсенің бастамасы болуы мүмкін.
Суқұйғыш
Бүгін асығыс шешім қабылдаудан аулақ болаңыз. Бұл достыққа да қатысты.
Балықтар
Достар мен таныстарға көңіл бөліңіз. Сіздің қолдауыңыз олар үшін ерекше құнды болмақ. Өзіңіз де достардың ақыл-кеңесіне жүгіне алатыныңызды естен шығармаңыз.
Денсаулық жұлдызнамасы
Тоқты
Денсаулықты қолға алатын уақыт келді. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және иммундық жүйеңізді нығайтыңыз.
Торпақ
Жүрегіңіз сыр беруі мүмкін. Уақыт созбай маманға хабарласыңыз, дер кезінде ем алып, ауруды асқындырып алмаудың жолын іздеңіз.
Егіздер
Сергек жүріңіз, ол үшін душ қабылдауды ұмытпаңыз. Салауатты, тыныш ұйқыны қамтамасыз ету үшін кофеин мен шөп шайынан аулақ болыңыз.
Шаян
Қалқанша безіне көңіл бөліңіз. Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, бұл сізге денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.
Арыстан
Ұйқы сапасына көңіл бөліңіз. Ұйқы көптеген аурудың алдын алатынын ұмытпаңыз.
Бикеш
Бүгінгі күні сергектік пен демалудың дұрыс кестесін сақтай отырып, денеңізді шынықтыруға жақсы мүмкіндік туып тұр.
Таразы
Тұмау немесе басқа вирус жұқтыру қаупі бар, физикалық және эмоционалдық күш деңгейіне назар аударыңыз, егер сіз өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, тамақтану және ұйықтау кезінде тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысыңыз.
Сарышаян
Егер сіз ұзақ уақыт бойы өз бойыңызға салауатты өмір салтын сіңіргіңіз келсе, дәл қазір бастаңыз: күні бойы су ішуді еске салатын қолданбаны орнатып алыңыз.
Мерген
Бүгіннен бастап спортзалға баруды бастасаңыз, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе аласыз. Кардио және күш жаттығуларына назар аударыңыз.
Тауешкі
Негізгі бұлшықеттеріңізді нығайту үшін физикалық белсенділікпен айналысыңыз немесе қарапайым созылу жаттығуларын орындаңыз.
Суқұйғыш
Кейбір тамақтану әдеттеріне деген көзқарасыңызды өзгертуге тырысыңыз – маусымға қарай жаңа піскен жидектер мен көкөністерді көбірек жеңіз.
Балықтар
Табиғатта серуендеңіз. Бұл бас ауруы мен буын ауруын жеңілдетеді, иммундық жүйені және жалпы денсаулықты нығайтуға көмектеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2077988-bugingi-zuldyz-zoramal-4-sauir-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.