Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 рейсті тоқтатып қойған": Жапонияда әуежай қызметкерлері жоғалған қайшыны таба алмай әуре-сарсаңға түсті

Жарияланған күні:

ұшақ іші
Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Жапонияның Хоккайдо аралындағы Жаңа Титосэ әуежайында қайшы жоғалғандықтан 200 рейс кейінге шегеріліп, 40-қа жуық рейс тоқтатылды. Бұл туралы Gazeta.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

17 тамызда ішкі рейстерді күту аймағында орналасқан дүкеннен қайшы жоғалып кеткен. Қайшыны лаңкестер алып кетіп, ұшақ бортында қару ретінде пайдалануы мүмкін деген күдік туындаған.

Қауіпсіздік қызметі әуежайда рейд жүргізіп, салдарынан 200-ден астам рейс екі сағатқа тоқтатылған. Кейбір жолаушылар қайта тексеруден өтіп, жөнелту аймағында ұзын-сонар кезек туындаған.

Әуежай өкілдері бұл жайтқа "сатып алушылардың дүкенді дұрыс пайдалану, сақтау және басқару жүйесінің болмауы" себеп болғанын айтқан.

Осы жайттан кейін екі күн өткен соң Nikkan Sports газеті қайшыны дүкен қызметкері тауып алғанын жазған.

Еске салсақ, бүгін Алматы әуежайында Air Astana ұшағы зақымдалып, рейсті тоқтатуға тура келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2151681-zhaponiiada-qaishy-zhogalgany-ushin-auezhaida-reister-toqtatyldy/