Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Итті қайтар": байқамай кеденшілердің итін алып кеткен жүргізуші жұртты күлкіге қарқ қылды

Жарияланған күні:

Неміс овчаркасы
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде жүк көлігі жүргізушісінің байқамай кеден қызметкерлерінің итін алып кеткені таспаланған видео жарияланды. Тексеру үшін көліктің шанағына шығарылған жануар сол күйі сапарлап кете барған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қызық оқиғаның видеосы Telegram-дағы 24KG Новости Кыргызстана арнасында жарияланды.

Жүргізуші итті алып кеткенін тек кеден қызметкерлері хабарласқанда біра-ақ білген. Кеденшілер жүргізушіден қызметтік итті қайтаруын сұраған.

"Қысқасы, шекарадан өттім. Ит ішке кіріп кеткен. Сөйтсем, шекарадан итті алып кетіппін. Кеденнен хабарласып, "итті қайтар" деп жатыр", - деді ер азамат.

Еске салсақ, Түркістан облысының тұрғынының өз үйінде жабайы құстарды мен арыстан асырап келгені туралы жазған едік. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекет жасау фактісін анықтап, жануарларды тәркіледі.

Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.

Полицейлер бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүріп жатқанын мәлімдеді. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2160456-itti-qaitar-keden-qyzmetkerlerining-itin-baiqamai-alyp-ketken-zhurgizushi-zhurtty-kulkige-qarq-qyldy/