jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Жабайы құстар да бар": Түркістан облысында арыстан асыраған тұрғынның басы дауға қалды (видео)

Тәркіленген аң
Арыстан. Видеодан кадр: telegram.org/POLICE_of_KZ

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде жабайы құстарды мен арыстан асырап келген. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекет жасау фактісін анықтап, жануарларды тәркіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады.

"Жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді", - делінген хабарламада.

Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.

Полицейлер бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүріп жатқанын мәлімдеді. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"Жабайы құстар да бар": Түркістан облысында арыстан асыраған тұрғынның басы дауға қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.