2025 жыл - жылан жылы: астролог келер жылға болжам жасады
Жарияланған күні:
Келер жыл - көптеген өзгеріс жылы. Жаңа жылдың символы мен планеталар сізді салмақты шешім қабылдауға итермелейді. 2025 жылдан не күтуге болады? Астролог Сьюзан Тейлордың болжамын ұсынамыз.
- 2025 жыл - жылан жылы болып, ол өзгерістер мен даналық жылы болады деп күтілуде. Астролог Сьюзан Тейлордың айтуынша, бұл жылы климаттық өзгерістер, өнеркәсіптік дағдарыс және технологиялық жетістіктер орын алуы мүмкін.
- Жаңа жылдың символы ақылды және айлакер адамдарға сәттілік әкеледі. Қаржы саласында оң өзгерістер болады, ал махаббат пен жеке өмірде рухани байлық пен өзгерістер күтілуде.
- Денсаулық пен сұлулық саласында жаңару мен өзгерістерге қолайлы кезең. Астрологтар ескі зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.
Жаңа жыл символына жалпы сипаттама
Нефрит императоры өткізген жыл күнтізбесіне ену сайысында жан-жануарлар арасында, 2025 жылдың символы өзінің айлакерлігінің арқасында енген. Сол себепті, алдағы он екі ай адамзат үшін ерекше болмақ, ал жеңіс тұғырынан тек ақылды әрі айлакер адамдар көрінбек. Сонымен 2025 жыл кімдердің жылы?
Astrosage астрологиялық журналының болжамы бойынша, шығыс жұлдызнамасының алтыншы белгісі Жылан жылы болмақ. Қытай Жаңа жылының күні жыл сайын өзгеріп тұрады. Биылғы жыл 2025 жылдың 29 қаңтарында басталып (Қытай жаңа жылы) 2026 жылдың 16 ақпанында аяқталады.
Бұған дейін жылан жылы 2013 жылы болған. The Breakthrough америкалық сараптамалық орталығының хабарлауынша, ол адамзат тарихындағы ең қолайлы жыл болған екен. Сарапшылар мұндай қорытындыға бірнеше факторларға сүйене отырып келген. Мысалы, сол жылы өлім-жітім саны аз болып, әлемде кедейлік деңгейі төмендеген екен. Кедейлік көрсеткіші әсіресе, Үндістан мен Қытайда төмендеген. Сонымен бірге, бұл жылы әлемде соғыс салдарынан адам өлу, қылмыс саны, расизм және сексизм сияқты дискриминация деңгейі де аз болған екен.
Келер жылға қатысты көрікпелдердің болжамы қандай? Астролог Сьюзан Тейлор 2025 жылды атақты көріпкел Ванга климатта ауқымды өзгерістер, өнеркәсіптік дағдарыс, Шолпанды зерттеудегі табыс, дау-жанжал күшейетін әрі технологиялық жетістіктер орын алатын жыл деп болжаған екен. Сьюзан Тейлордың пікірінше, әйгілі түс жорушы Нострадамус бұл жылды геосаяси жағдай ушығатын, медициналық зерттеулерде табысқа жететін және әлемдік экономика өзгеріске ұшырайтын деп атап кеткен екен.
Мұндай болжамды славян күнтізбесі де жасап отыр. 2025 жыл славян күнтізбесі бойынша кімнің жылы? The Voic журналының мәліметінше, келер жыл Улы Сона жылы екен. Бұл жыл белсенді, еңбекқор әрі батыл адамдардың жылы болмақ. Сонымен қатар, 2025 жылы адамдар түрлі кикілжіңдердің де куәсі болуы мүмкін. Десе де, бұл жылды көпшілікке жіберген қателіктерді жөндеу жылы деп қабылдаған дұрыс болады.
Астролог Беджан Дарувалланың хабарлауынша, қытай жұлдызнамасы бойынша, Жылан жылы даналық, сұлулық пен кербездіктің, өзгерістің жылы ретінде сипатталады екен. Ол әсем әрі тәуекелге бел буғыш, оның сараптамалық ойлау қабылеті жоғары және күрделі мәселелерден оңай шыға алатын қасиетке ие екен. Одан бөлек, құдыретті құдай оның бойына жоғары интуиция мен құпиялылықты берген екен.
Жаңа жылда қателікке бой алдырмай, табысқа жету үшін, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:
- Ағаш стихиясы. Ол өсуді, креатив пен ынтымақтастықты, икемділікті білдіреді. Ағаш жылы мүмкіндіктердің өсуі мен инновациялардың жылы болып саналады.
- Chinese New Year астрологиялық басылымының хабарлауынша жылдың сәтті сандары - 1 және 8 болады. Сондай-ақ, 9 саны да маңызды сан болмақ.
- Бағыттар - батыс пен оңтүстік.
Жыланның табысты реңдері - қызыл мен қара. Десе де, жыл символы жыланның өз түсі болмақ. Сонымен, 2025 жылдың түсі қандай түс? Жыл түсі - жасыл. Astrologyk астрологиялық басылымының хабарлауынша, ол өсу, даму, жаңа өмір бастау және жаңару жылы болмақ.
Жылан жылы өмірдің әр саласына қалай әсер етеді
Пью зерттеу орталығының хабарлауынша, 2025 жылы респонденттер адамдардың тәуелсіздігі мен жеке тұлғалық қасиетіне қауіп төндіретін технологиялық компаниялардың дамуынан үрейленеді екен. Адамдар интернеттегі жалған ақпарат пен өтіріктен, үкіметтің авторитарлығынан және жұмыс орындарының қысқаруынан қорқатын көрінеді. Ағаш Жылан жылының мүмкіндіктері қандай? Төменде біле аласыздар.
Қаржы мен мансап
Астролог Беджан Дарувалла, Жыландар қаржылық мәселені маңызды деп санамайды екен. Десе де, мамандар 2025 жылы ақша жылдағы қажеттіліктерге қарағанда көп болатынын айтады.
Мансап пен жеке даму саласында төмендегі күндерге мән берген жөн:
- 21 қаңтардан басталған кезең. Starwalk.Space астрономиялық басылымының хабарлауынша, бұл күні алты планета (Марс, Юпитер, Уран, Нептун, Шолпан және Сатурн) бір тізбектің бойында тұрады екен. выстроятся в ряд. Бұл кезең мансап мен мамандықтағы трансформация кезеңі болмақ. Мұндай тізбектелу бір күнмен ғана шектелмейді, ол бірнеше күнге созылады. Оның әсері қаңтар айының соңына дейін болады екен.
- 1 және 25 ақпан аралығы. Starwalk.Space мәліметінше, бұл күндері — Нептуна мен Шолпан (1 ақпан) және Сатурн мен Меркурий (25 ақпан) пвланеталары бірігеді. Бұл кезең мансап баспалдағы бойынша ілгерілеу кезеңі болмақ.
2025 жылдың қараша айында маңызды іскерлік таныстық орын алады. Сондықтан маңызды тұлғалармен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Махаббат мен жеке өмірдегі өзгерістер
Astrologyk астрологиялық басылымы 2025 жыл барлық жұлдыз белгілеріне рухани байлық пен өмірді жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігін беретінін айтады. Мұндай өзгерістер махаббат пен жеке өмірге де өзгерістер әкелуі мүмкін. Жылан инь - әйелмен байланыстырылған белгі. Ол асығыс шешім қабылдағанды ұнатпайды әрі әрекет еткеннен гөрі, бақылағанды ұнатады.
Махаббатта да жұлдыз белгілеріне дәл осы қағаидатты ұстанған жөн. Бұл, әсіресе, әйел адамдарға қатысты болмақ. Жаңа жылды жаңа таныстықтар мен махаббат үшін барынша қолайлы ай сәуір болмақ. Ал, өз сүйіктісін кездестірген жандардың ара қатынасы енді жаңа деңгейге өтуі ықтимал. Сол үшін, жұптарға бірлескен жоспар құру керек болса, отбасылы жандарға барлық мәселені бір-бірімен кеңесіп, ақылдаса отырып шешуге тура келеді.
2025 жылдың қараша айында қарым-қатынаста шаршау белгілері болғандықтан, сезім сууы мүмкін. Сондықтан жұптарға бұл кезеңді бірге өткізіп, теңізге, демалысқа баруға кеңес беріледі.
Денсаулық пен сұлулық
The Chinese Zodia астрологиялық басылымының хабарлауынша, Жылан терісін тастап, жаңаруға бейім келеді. Сондықтан 2025 жылы ішкі және сыртқы өзгерістерге барынша қолайлы жыл болмақ. Сондықтан денсаулығыңыз бен сұлулығыңыз жақсы болсын десеңіз:
- зиянды әдеттерден бас тартыңыз: Бұл барлық салаға қатысты болмақ, оның ішінде денсаулыққа зиянды тағамдар да бар;
- жаңа, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, спорт мен дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз.
Егер Сиыр, Қоян, Қой немесе Мешін жылы дүниеге келсеңіз, The Chinese Zodiac астрологиялық басылымының хабарлауынша, осы жылы туғандарға жыл сыртқы келбетті өзгерту жағынан барынша қолайлы жыл болмақ. Мәселен, косметологиялық ота жасатып, имиджіңізді өзгертсеңіз болады. Сол себепті, сарапшылардың қызметіне жүгініп, ақылды әрі парасатты болуға тырысыңыз. Сонда сіздің жаңарған кейпіңіз 2025 жылы сізге тек табыс әкелетін болады.
Келе жатқан 2025 жыл ағаш Жасыл Жылан белгісімен өтеді. Төрт жұлдыз белгісіне жыл барынша сәтті болмақ. Өзгелер де бұл жылы өзгеруге мүмкіндік алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2181782-2025-zhyl-zhylan-zhyly-astrolog-keler-zhylga-bolzham-zhasady/