Бүгінгі жұлдыз жорамал: 17 қараша күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар
Бүгін жақындарыңызға көбірек көңіл бөліп, қамқор болыңыз. Демалысыңызды бірге өткізіп, әңгіме-дүкен құрғаныңыз жөн.
Ауа райындағы өзгеріс көңіл күйіңізге әсер етпей қоймайды. Қандай жағдайда да еңсені түсірмей, өмірге деген құштарлықты, оптимистік көзқарасты жоғалтып алмаңыз.
Торпақтар
Суық тигізіп алуыңыз мүмкін, сондықтан денсаулыққа күтім жасаңыз. Адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарта тұрғаныңыз жөн.
Досыңыз сіздің көмегіңізге, ақыл-кеңесіңізге мұқтаж болып жүруі мүмкін. Сондықтан оған қолыңыздан келгенше көмек беріңіз, кездесуге шақырыңыз.
Егіздер
Жұмыстан шығуды ойлап жүрген болсаңыз, әзірге асығыстық жасамаңыз. Басшылықтан тиімді ұсыныстар түсіп қалуы мүмкін.
Мүмкіндігінше отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Балаларыңызбен көбірек сөйлесіп, түрлі ойындар ойнаңыз, бірге серуендеңіз.
Шаяндар
Бүгін шаяндарға мансабына қатысты нақты шешім қабылдауға оңтайлы күн. Жаңа ұсыныстар түсуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысыңыз.
Күтпеген жерде шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Бірақ шығыс шықпай, кіріс кірмейтіні есіңізде болсын.
Арыстандар
Бүгін ісіңіз өнімді болады. Кешке дейін көп іс тындырып үлгересіз, күрмеуі қиын мәселелердің шешімі табылады.
Дене жаттығуларын жасаған кезде не ауыр көтергенде абай болыңыз. Белге күш түсірмеуге, оқыс қимылдамауға тырысыңыз.
Бикештер
Бүгін сіз ұйқы сапасының, қуат пен әл-ауқатыңыздың жақсарғанын байқайсыз. Сақ болыңыз, өйткені суық тию қаупі бар. Егер симптомдар пайда болса, түймедақ шайын ішіңіз.
Бүгін досыңыздан немесе жақын адамыңыздан сыйлық алуңыз немесе қызық жаңалық естуіңіз мүмкін. Жұмыс берушілерге кандидатураңызды ұсыныңыз немесе біліктілікті арттыру курстарына тіркеліп көріңіз. Жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкін.
Таразылар
Мансап пен әлеуметтік мәртебеңізге көбірек көңіл бөліңіз. Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз.
Әріптестер арасында түсініспеушілік болып жатса, бір тарапты жақтап шығуға асықпаңыз. Мүмкіндігінше жанжалдан аулақ болып, энергияңызды жұмысқа жұмсаңыз.
Сарышаяндар
Физикалық жаттығулар мен медитацияға уақыт бөліңіз. Артық тамақтанбаңыз.
Бүгін ақшаңызға барынша абай болғаныңыз жөн. Хабарламаларға, телефон қоңырауына жауап бергенде, барынша сақтық танытыңыз.
Мергендер
Бүгін айдың басында құрып алған барлық жоспарыңыз орындалады. Еңбек пен тәртіптің арқасында мол табысқа жетесіз.
Ақшаны есептеп жұмсаңыз, қымбат зат сатып алуға асықпаңыз. Ол зат сізге қажет болмауы да мүмкін. Көрсеқызарлыққа салынбаңыз.
Тауешкілер
Жалғызбасты жандарға еш уайымдаудың қажеті жоқ. Сүйіктіңізді таба алмай жүрсеңіз, онда қаймықпаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар, тағдыр сіздің талғамыңызға сай келетін адамды тауып беретіні анық. Күтпеген уақытта күтпеген адамға жолығуыңыз мүмкін.
Бүгін бас ауруы мазалауы мүмкін. Далада көбірек серуендеуге кеңес береміз.
Суқұйғыштар
Бүгінгі күніңіз тосын жайттарсыз, бірқалыпты өтеді. Өзіңізге демалыс жариялап, сүйікті ісіңізбен айналысуға қолайлы күн болады.
Тұмау өршімей тұрғанда алдын ала қамданып, дәрумендер қабылдауды бастаңыз.
Балықтар
Күніңіз тосын жайттарға толы болуы мүмкін. Барынша ашуға бой алдырмай, сабырлы болуға тырысыңыз. Іскерлік кездесулерді кейінге қалдырғаныңыз жөн.
Бүгін күшіңізді жаттығуға, физикалық жұмыстарға бағыттағаныңыз жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2187644-bugingi-zhuldyz-zhoramal-17-qarasha-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/