jitsu gif

Алғаш рет Ақсай шатқалында "Қызыл кітапқа" енген үнді жайрасы көзге түсті

жайра
Жайра. Көрнекі фото: pixabay.com

Алғаш рет Ақсай шатқалында Қазақстан "Қызыл кітабына" енген үнді жайрасы көзге түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Іле-Алатауы" ұлттық паркіне сілтеме жасап.

Ақсай шатқалының аумағында жүрген үнді жайрасын видеоға Ақсай филиалының мемлекеттік инспекторы Мақсат Қайырқұлов 16 ақпан күні түнгі рейдте жүрген кезде, жол үстінде түсіріп алған.

"Әдетте бұл ірі кеміргіштің тіршілігі қыста баяулайды, десе де, қараңғыда азық іздеп шатқалдың автокөлік жолында жүрген жайы бар. Бұған дейін жайраның Қаскелең шатқалы, Қарағайлы шатқалы, Үлкен Алматы шатқалы мен Ұлттық парктің қорғау аймағында түсірілген видео-фото материалдарына енді Ақсай шатқалында түсірілген видео қосылды.

Үнді жайрасына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Сіздерден сұранарымыз, тау шатқалында көлік айдап жүргенде жылдамдықты асырмаңыздар. Себебі шатқалдарда бірқатар жабайы аң мекендейтіндіктен, кейде қашып үлгермей, дөңгелек астына түсіп қалатын жағдайлар болады", - дейді Іле-Алатауы МҰТП ғылыми қызметкері Тұңғыш Жапарқұлов.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.