Зектілері

Миллиардта бір рет кездеседі: бетін ерекше ұзын түк басқан жігіт Гиннестің рекордтар кітабына енді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Лалит Патидар
Лалит Патидар. Фото: Гиннестің рекордтар кітабы

Үндістанның 18 жастағы тұрғыны Лалит Патидар ресми түрде әлемдегі ең түкті бетке ие адам деп танылды. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Рекордтар кітабының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, 18 жастағы Лалит Патидар — ерлер арасындағы ең түкті бетке ие адам: оның бетінің әр шаршы сантиметрін 201,72 тал түк басқан.

"Ол — орта ғасырлардан бері бетін ұзын түк басқандығы құжат түрінде тіркелген әлем бойынша 50-ге жуық адамның бірі, бұл оны миллиардта бір рет қана кездесетін жан етеді. Және ол, әрине ерекше жігіт", - делінген сайтта.

Лалиттің өзі алғашында мектептегі балалар одан қорыққанын жасырмады. Десе де Лалитпен жақынырақ танысқан балалар онымен достасып кеткен. Лалит өзінің өзгелерден ерекше екенін мақтан тұтатынын айтып отыр. Ол YouTube-те арна ашып, өмірінің қызықтарын бөлісіп жүр.

Жақында ол Миланға барып қайтты. Миланда Лалит рекордты ресми түрде жаңарта алатынын анықтау үшін бетіндегі түгін санатып көрді. Жергілікті трихолог бір шаршы сантиметрде қанша түк барын санау үшін Лалиттің бетінің кішігірім аймағын қырып шыққан.

"Қатты таң болдым... Не дерімді де білмеймін, себебі мұндай атаққа ие болу мен үшін үлкен қуаныш", - деді Лалит рекорд орнатқанын естігенде.

Ол бетіндегі түгін толықтай қыруға кеңес беретіндерді еш елемейді екен.

"Мен оларға өз келбетім ұнайтынын және ештеңе өзгертуді қаламайтынымды айтамын", - деді жас жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2227130-milliardta-bir-ret-kezdesedi-betin-erekshe-uzyn-tuk-basqan-zhigit-ginnesting-rekordtar-kitabyna-endi/