"Адам сенгісіз": әлемдегі ең құрғақ шөл Атакамаға қар жауды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Чилиде орналасқан және әлемдегі ең құрғақ Атакама шөлін қар басып қалды, деп хабарлайды ALMA обсерваториясының мәліметтеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әлемдегі ең құрғақ деп саналатын Чилидегі Атакама шөлін қар басып қалды. Бұл туралы шөлде жұмыс істейтін ALMA обсерваториясының X желісіндегі аккаунтында хабарланды.
"Адам сенгісіз! Чилиде әлемдегі ең құрғақ Атакама шөлін қар басып жатыр", - делінген обсерватория жазбасында.
Обсерватория өкілдері бұл құбылыс Атакамада көп жылдан бері алғаш рет байқалып отырғанын атап өтті.
Ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, ALMA (Atacama Large Millimeter/submillimeter Array) - Чилидегі Атакама шөлінде орналасқан әлемдегі ең үлкен жердегі радиотелескоп. Ол миллиметрлік және субмиллиметрлік диапазондарда бақылауға арналған, бұл жұлдыздар мен галактикалар құралатын ғарыштың суық аймақтарын зерттеуге мүмкіндік береді.
РБК хабарлауынша, Атакама шөлі Чили аумағында, Оңтүстік Американың батыс жағалауында орналасқан және Тынық мұхиты жағалауында шамамен 1000 шақырымға созылатын тар жолақты алып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2259971-adam-sengisiz-alemdegi-eng-qurgaq-shol-atakamaga-qar-zhaudy-video/