jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

2025 жылы Қазақстанда нәрестелерге қандай ат жиі қойылған

Нәрестенің аяғы
Нәрестенің аяғы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстанда нәрестелерге ең жиі қойылған есімдерді атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы ұлдар арасында Мұхаммед, Алихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр есімдері ең танымал болған.

Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалған. Аймақтарда ұлдарға ең жиі қойылған ат – Мұхаммед пен Алан.

2025 жылы дүниеге келген қыздарға көбіне Айлин, Асылым, Медина, Айша және Томирис есімдері берілген.

Аймақтарда Айлин есімі ең танымал болып шықты. 20 аймақтың 16-да осы есім бірінші орында тұр.

Биыл қыздар арасындағы танымал есімдер тізімі былтырғы тізіммен салыстырғанда өзгермеген.

"Айта кетейік, осы жылы орыс ұлтының өкілдері арасында ең танымал есімдер Ева мен Мирон болса, өзбек ұлтының өкілдері арасында Мухаммад пен Хадича есімдері ең танымал", - делінген хабарламада.

2025 жылы Қазақстанда нәрестелерге қандай ат жиі қойылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.