jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті (видео)

итаю
Итаю. Фото: MARTIN BUREAU/AFP via Getty Images

Үстірт қорығының аумағында сирек кездесетін жыртқыш аң – итаю көзге түсті, деп хабарлайды қорықтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

4 ақпанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары рейдтік іс-шара кезінде қорық аумағының Кендірлі аймағында сирек кездесетін, ҚР Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аң – итаюды байқап, видеоға түсіріп алған.

"Бұл – Үстірт қорығы аумағында сирек кездесетін түрлердің сақталуы мен олардың табиғи мекенінде тіршілігін жалғастырып жатқанын дәлелдейді", - делінген хабарламада.

Қорықтың мәліметінше, итаю – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Дене тұрқы 68-75 см, құйрығының ұзындығы 17-20 см. Аяқтары қысқа, табаны жалпақ, жер қазуға бейімделген ұзын әрі өткір тырнақтары бар.

Бауыры қара-қоңыр, арқасы ашық түсті болып келеді. Негізінен ымырт пен түнгі уақытта белсенді тіршілік етеді, алайда салқын мезгілдерде күндіз де қозғалысқа түседі.

Итаю – қорек талғамайтын жануар. Қорегінің құрамында омыртқасыздар мен майда омыртқалы жануарлар (кесірткелер, майда құстар, құмтышқандары, кірпілер, құм қояндары, тасбақалар) кездеседі және өсімдік тамырымен және жемісімен қоректенеді.

Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.