Екі айда 215 тонна қымыз өндірілді: ұлттық сусындарға қатысты қызықты статистика жарияланды
Жарияланған күні:
Ұлттық статистика бюросы Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық сусындар өндірісіне қатысты деректерді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бюроның мәліметінше, Қазақстанда қымыз өндірісі артқан.
Жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 11,8 пайызға өскен. 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында 215 тонна қымыз өндірілген, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 тоннаға көп.
Ал шұбат өндірісі керісінше 22,2 пайызға азайған. 2026 жылдың алғашқы екі айында 206 тонна шұбат өндірілген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 тоннаға аз.
2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 1126 тонна (жыл ішінде 4,3 пайызға азайған), шұбат өндірісі 1425 тонна (+27,6 пайыз) болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2356401-215-tonna-qymyz-ondirildi-ulttyq-susyndarga-qatysty-qyzyqty-statistika-zhariialandy/