"40 пайызы осы елдің үлесіне тиесілі": Қазақстанға шай қайдан жеткізіледі
Жарияланған күні:
Қазақстанға шай қайдан жеткізіледі, қара шайдың орташа бағасы келісіне қанша теңге тұрады? Бұл туралы мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бюроның мәліметінше, Қазақстанға шай негізінен Кениядан жеткізіледі. Импортталатын өнімнің шамамен 40 пайызы осы елдің үлесіне тиесілі.
Сондай-ақ негізгі көлемдер Үндістан мен Қытайдан жеткізіледі.
Наурыз айында Қазақстан бойынша қара шайдың орташа бағасы келісіне 5 846 теңге болған. Былтырғы наурызбен салыстырғанда шайдың орташа бағасы 6,9 пайызға өскен. Орта есеппен қазақстандықтар 250 грамм шай қорабын 1 462 теңгеге алады.
Өңірлер бөлінісінде қара шайдың ең төменгі бағасы Семей қаласында байқалған – 1 кг үшін 5 300 теңге.
Ал ең қымбат шай Шымкенттің бөлшек сауда орындарында сатылған – 6 747 теңге/кг.
Сонымен қатар жоғары баға Атырауда (6 338 тг/кг), Қарағандыда (6 216 тг/кг) және Қызылордада (6 069 тг/кг) тіркелген. Қалған қалаларда орташа баға 1 кг үшін 5,4 мыңнан 5,9 мың теңгеге дейін құбылады.
Жалпы шай тұтыну деңгейі бойынша бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамм шайдан келеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2365494-40-paiyzy-osy-elding-ulesine-tiesili-qazaqstanga-shai-qaidan-zhetkiziledi/