jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қонаев ақын Олжас Сүлейменовті қудалаудан қалай арашалап қалған

Дінмұхамед Қонаев пен Олжас Сүлейменов
Дінмұхамед Қонаев пен Олжас Сүлейменов. Коллаж: 24KZ

90 жасқа толып, ел көлемінде мерейтойы аталып өтіп жатқан халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтің жастық шағында қудалауға ұшырау қаупі болған. Кеңес Одағы кезінде қолына қалам ұстаған кейбір танымал тұлғалар ақынның атағы дүркіреп шыққан тұста оған қарсы шыққан. Алайда Олжас Сүлейменовті жазадан және қастандықтан қорғап қалған Дінмұхамед Қонаев болған, деп жазады 24KZ.

Өткен тарихтың күрделі кезеңдері туралы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов айтып берді.

"1975 жылы “Аз и Я” кітабы жарық көріп, бүкіл әлемді шулатты. Кітаптың он бетін оқыған соң-ақ әлемнің ғалымдары, түркологтары мен лингвистері таңданысын жасыра алмады. Кейін үрейленіп, “мына Олжасты тоқтату керек” деген әңгімелер айтыла бастады. Жүз мың данамен шыққан кітап бір күнде жойылып, айналымнан алынды", – деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов.

Бүгінде 90 жасқа толған, абыз ақсақал атанған Олжас Сүлейменов – елге сіңірген еңбегі зор, халық құрметіне бөленген тұлға. Оның терең ойлы, өткір шығармалары қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Ақын өз өлеңдері арқылы қазақ елін бүкіл Одаққа, әлемге танытты.

"Сонда жасы қырықтан енді асқан ақынға бір ғана адам араша түсті. Ол – Дінмұхамед Қонаев. Одақтың пысықтары “Олжас Сүлейменовті құрту керек” деп шулаған кезде, Брежневке мән-жайды түсіндіріп, Олжасты аман алып қалған – Қонаев. Ал кейін Дінмұхамед Қонаевтың басына қиын күн туып, пленумда жұрт жарыса сөз сөйлеп, көбі одан теріс айналғанда, жанынан табылған да – Олжас Сүлейменов еді. Ол жалғыз қалған Қонаевтың қасына барып отырды. Сол кезеңде бүкіл әлем Олжасты тани бастады. Ол әлемге “арғымақ”, “жігіт”, “айналайын” секілді қазақы ұғымдарды танытып, жылы сезім ұялатты", – деді Одақ төрағасы.

Қонаев ақын Олжас Сүлейменовті қудалаудан қалай арашалап қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.