Илон Маск адамзаттың Марсқа ұшатын күніне қатысты болжамын тағы да жаңартты
Жарияланған күні:

Илон Маск адамзаттың қашан Марсқа қона алатыны және Қызыл ғаламшарға алғашқы ғарыш кемесі қашан аттанатыны жөніндегі болжамдарын кезекті рет түзетті. Бұл туралы naked-science.ru басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Марсты игеру — SpaceX негізін қалаушының көптен бергі басты мақсаттарының бірі. Масктың айтуынша, адамзатты көпғаламшарлы өркениетке айналдыруға ұмтылыс оның кәсіпкерлік қызметінің негізгі уәждерінің біріне айналған. Ол өмірінің соңғы сәттерін де Марста өткізгісі келетінін бірнеше рет мәлімдеген еді.
Енді кәсіпкер адамдар Қызыл ғаламшар бетіне шамамен бес-жеті жылдан кейін табан тірей алады деп есептейді. Сонымен бірге, оның сөзінше, алғашқы қону аппараты Марсқа бұдан бірнеше жыл бұрын жетеді.
Маск осы уақытқа дейін адамзаттың Марсқа қонуына қатысты болжамын талай мәрте өзгерткен еді. 2009 жылы ол Марсты игеруде 2020 жыл бетбұрысты кезең болады деп болжаған еді. Кейінірек 2020 жылы Маск адамзат 2026 жылы Марсқа қона алатынына "өте сенімді" екенін хабарлап, тіпті оқиғалар аса қолайлы өрбісе, бұл 2024 жылы да мүмкін болады деген еді.
Осылайша, болжамдар бірнеше рет өзгерді және бүгінде адамзаттың Қызыл ғаламшарға нақты қашан жететінін ешкім дөп басып айта алмайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2407859-ilon-mask-adamzattyng-marsqa-ushatyn-kunine-qatysty-bolzhamyn-tagy-da-zhangartty/
