jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шымкенттік палуан тісімен 17 тонналық автобусты сүйреп, әлемдік рекорд орнатты (видео)

Артық Досалиев
Артық Досалиев. Кадр: "Алматы" арнасы

Шымкенттік палуан тісімен 17 тонналық автобусты сүйреп, әлемдік рекорд орнатты. Осылайша алып күш иесі бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетіп, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

52 жастағы Артық Досалиев жолаушылар көлігін 20 метрге дейін сүйреп өтті. 17 тонналық автобусты қолмен емес, тісімен қозғау үшін спортшы жарты жыл бойы арнайы дайындалған. Қара күш иесі бұл трюктің аса қауіпті екенін айтады. Сондықтан жастарға мұны қайталауға кеңес бермейді.

"Жастарға бұл трюкті қайталауға кеңес бермеймін. Өте қауіпті трюк. Тісім бәрі бүтін, өзімдікі болғаннан кейін стоматологтармен кеңесіп, рентгеннен өтіп, тістерге ешқандай зиян келмейтіндігі жөнінде анықтама алып, жасадық. 17 тоннадан үлкен автобус жоқ деп ойлаймын. Одан біреулер асып өтіп жатса, тағы да жасаймыз. Әлемде бірінші болуға тырысамыз", – деді Пауэрлифтингтен әлемнің 5 дүркін чемпионы Артық Досалиев.

Артық Досалиев әлемдік төрт рекордты жаңартты. Бұған дейін Ресей, Украина мен Мысыр спортшылары осындай ауыр көліктерді сүйреп, үздік нәтиже көрсеткен. Алайда шымкенттік палуан олардың барлығынан асып түсті.

"Ресми тәртіп бойынша қауіпсіздікті сақтап, жүргізуші машинаның ішінде отыруы керек болды. Себебі вакуумдық тормоздық жүйені басып үлгеруі керек, қозғалтқыш қосылған жоқ. Оны көрдік. Сосын жақтың, тістің ғана күшін ғана қолданды", – деді GBR әлемдік рекордтарды тіркеу жөніндегі бас офицері Қуандық Құдайбергенов.

Бұл – Артық Досалиевтің алғашқы жетістігі емес. Былтыр ол салмағы 120 тонна болатын 5 вагонды орнынан қозғап, көпшілікті таңғалдырған. Ал бүгінгі ерекше көрсеткішін спортшы қазақтың тұңғыш кәсіби палуаны, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арнады.

"Биыл Қажымұқан бабамыздың 155 жылдығы. Ол арбамен ауыл адамдарын сүйреген. Бабамыздың өнерін заманға сай, заманауи етіп өткіздік. Заманға сай рекорд жасадық", – деді Пауэрлифтингтен әлемнің 5 дүркін чемпионы Артық Досалиев.

Сынақтың нәтижесін халықаралық ұйым өкілі сол жерде тіркеп, спортшыға әлемдік рекордты растайтын арнайы сертификат табыстады. Алайда Артық Досалиев мұнымен тоқтамайды. Алып күш иесі алдағы уақытта өзге де жаһандық межені бағындыруға дайындалып жатыр.

Авторлар: Лаура Бабас, Абзал Тұрабеков

Шымкенттік палуан тісімен 17 тонналық автобусты сүйреп, әлемдік рекорд орнатты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.