Қытайлықтар айрықша физикалық қабілетке ие "супермен" робот жасап шығарды (видео)
Жарияланған күні:

Қытай мамандары айрықша физикалық көрсеткіштерге ие жаңа робот жасап шығарды, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандардың сөзіне сенсек, мұндай физикалық көрсеткіштер бұған дейін ешбір құлтемірде болып көрмеген. Гуманоид 2 метр биіктікке секіріп, секундына 12 метрден астам жылдамдықпен жүгіре алады. Тепе-теңдікті сақтау үшін аяқ-қолдарының қалпын автоматты түрде өзіне ыңғайлап отырады.
Роботты әзірлеуге инженерлер үш айдан астам уақыт жұмсап, оған "Супермен" деген лақап ат та берген. Компания бұл технологияны ғылыми зерттеулерге, адамдарға тұрмыстық көмек көрсету үшін және ауыр әрі қауіпті жағдайларда жұмыс істеу мақсатында пайдалануды жоспарлап отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2413983-qytailyqtar-airyqsha-fizikalyq-qabiletke-ie-supermen-robot-zhasap-shygardy-video/
