Қазақстанда бір адам айына қанша шай ішеді
Жарияланған күні:

Қазақстандықтар айына орта есеппен қанша шай тұтынады және жыл басынан бері елде қанша тонна шай мен кофе өндірілді? Ұлттық статистика бюросы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бюроның мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілген, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі.
Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі – 92,1 пайыз (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.
Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1 пайызы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінген. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылған.
Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілген.
Жалпы, бір адам айына орта есеппен шамамен 100 грамм шай тұтынады.
Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2 пайызы тиесілі.
Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан жеткізіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2414028-qazaqstanda-bir-adam-aiyna-qansha-shai-ishedi/
