jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Айда 18 метрлік жаңа кратер пайда болды

Ай
Ай. Көрнекі сурет: Jaap Arriens/NurPhoto via Getty Images

NASA SpaceX компаниясына тиесілі Falcon зымыранының бір бөлшегі Айға құлаған орынның суреттерін жариялады. Ғалымдардың есептеуінше, соққы салдарынан Ай бетінде ені шамамен 18 метр, ал тереңдігі 3 метрге жуық жаңа кратер пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

5 тамызда зымыранның жоғарғы сатысы сағатына шамамен 8700 шақырым жылдамдықпен Айға соғылды. Оған дейін ол 2025 жылғы ұшырылымнан кейін ғарыш кеңістігінде бір жылдан астам уақыт бойы бақылаусыз қозғалып жүрген. Ол кезде Falcon зымыраны Айға ғылыми тәжірибелер жүргізуге арналған екі жекеменшік қону аппараты мен шағын роверді жеткізген болатын.

NASA апат болған аумақтың соққыға дейінгі және одан кейінгі суреттерін жариялады. Жаңадан пайда болған кратер суреттерде айқын көрінеді. Зымыран сатысын ұшыру миссиясы NASA-ның коммерциялық ғарыш сапарлары мен Айды зерттеуді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Илон Маск SpaceX компаниясын 2002 жылы құрған болатын. Бүгінде компания NASA-ның негізгі мердігерлерінің бірі әрі АҚШ-тың Айды игеру бағдарламасына белсенді түрде қатысады.

Айда 18 метрлік жаңа кратер пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.