Нью-Йорктегі ерлі-зайыпты итінің жайлылығы үшін 3 миллион доллар жұмсады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Нью-Йорктегі ерлі-зайыптылар Бастер атты колли тұқымына тиесілі итінің жайлылығы үшін өз үйін қайта жөндеуден өткізді. Олар бұл үшін 3 миллион долларға жуық қаражат жұмсады, деп хабарлайды People басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Говард және Сьюз Рубин Флоридадан Нью-Йорк штатындағы Вестчестер округіне көшуді ұйғарды. Себебі олардың сүйікті иті Бастер ыстық пен ылғалды ауа райына төзе алмаған. Ерлі-зайыптылар үйді 1,825 миллион долларға сатып алды. Одан бөлек олар жөндеу жұмыстары мен аумақты абаттандыруға тағы 1 миллион долларға жуық қаржы жұмсады.
Үйге тоғыз теледидар орнатылды. Енді ит кез келген бөлмеде "Щенячий патруль" мультсериалын көре алады. Бассейнге иттің демалуына арналған арнайы көлбеу сөрелер орнатылды. Сондай-ақ аулада жасанды көгал төселген қоршалған алаң жабдықталды.
Говард Рубин үй жануары үшін өмірлерін құрбан етпегендерін, бірақ өмір салтын толығымен өзгерткендерін атап өтті. Қазір ерлі-зайыптылар Флоридаға қайтуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты қайта жабдықталған үй 2,9 миллион долларға сатылымға шығарылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2422057-niu-iorktegi-erli-zaiypty-itining-zhailylygy-ushin-3-million-dollar-zhumsady/
