Такси жолаушысы шаршаған жүргізушіге демалуға мүмкіндік беріп, рөлге өзі отырды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қауіпсіздік үшін алаңдаған Шивам Мишра шаршап тұрған жүргізушіні артқы орындыққа жатқызып, көлікті өзі жүргізді, деп хабарлайды NDTV-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ноида қаласынан Лакхнауға бет алған таксидегі жолаушы Шивам Мишра көптің назарына ілікті. Ол әлеуметтік желіде Дэвид деген атпен танымал. Мишра қалааралық сапарға таксиге тапсырыс берген. Ол жүргізушінің қатты шаршағанын және алдыңғы күннен бері демалыссыз жұмыс істеп жүргенін байқаған.
Көлікті шаршаңқы күйде жүргізу қауіпті екенін түсінген жолаушы жүргізушіге реніш білдірген жоқ. Ол сапарды жалғастыруды талап етпеді. Оның орнына Мишра жүргізушіге артқы орындыққа ауысып, ұйықтап алуды ұсынды. Рөлге өзі отырды. Оның қасындағы алдыңғы орындыққа бауыры жайғасты.
Мишраның Instagram желісінде "Әр адамға мейірімділік танытыңыздар" деген үндеу жазып жария еткен видеосы көпшілік арасында тез тарап кетті. Видео авторы мұндай жағдайда адамға ашуланудың немесе қызметті орындауды талап етудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, болған жағдайды қызықты саяхат ретінде қабылдаған жөн. Әлеуметтік желі қолданушылары жолаушының эмпатиясы мен парасатты шешімін жоғары бағалады. Оның бұл әрекеті жол-көлік оқиғасының алдын алуға көмектесті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2427275-taksi-zholaushysy-sharshagan-zhurgizushige-demaluga-mumkindik-berip-rolge-ozi-otyrdy/