jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Мисс Әлем Үндістан" финалисі Google Cloud инженері ретінде жұмысына оралды

Уманга Кумават
Уманга Кумават. Фото: @umanga_kumawat/ Instagram

Уманга Кумават вошла в топ-20 национального конкурса красоты, но сразу после финала вернулась к NDTV хабарлауынша, Уманга Кумават ұлттық сұлулық байқауында үздік 20 қатысушының қатарына енгенімен, финалдан кейін бірден IT саласындағы корпоративтік жұмысына қайта оралды, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

"Мисс Әлем Үндістан 2026" ұлттық сұлулық байқауының финалисі Уманга Кумават Бенгалурудағы Google Cloud компаниясының кеңсесіндегі инженерлік қызметіне қайта кірісті. Бұған дейін ол Джайпурда өткен байқауда Мадхья-Прадеш штатының атынан қатысып, 52 үміткердің ішінен үздік 20-лыққа енген болатын, алайда бас жүлдені Керала штатынан келген Казиа Лиз Меджиа иеленді.

Подиумдағы өнер көрсетуі аяқталғаннан кейін көп ұзамай Кумават әлеуметтік желіде сән әлемі мен технология саласындағы жұмыстың айырмашылығын көрсететін "бір күндік өмірім" атты бір минуттық видео жариялады. Ойын-сауық индустриясына ауысудың орнына, бойжеткен таңертеңгі жаттығулар, электронды поштаны тексеру, асханаға бару және IT-гигант кампусындағы жұмыс кездесулерінен тұратын қарапайым корпоративтік өміріне оралды.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Уманга Кумават Google Cloud Platform (GCP) саласында сертификатталған маман және бұлтты технологиялар, генеративті жасанды интеллект пен қосымшаларды әзірлеуге маманданған. Ол сондай-ақ Google Cloud Community қауымдастығы үшін тұрақты түрде оқу мақалаларын жариялап тұрады. Маманның бұл оқиғасы жоғары технологиялар саласындағы мансап пен ұлттық сұлулық байқауларына қатысуды сәтті үйлестірудің үлгісі ретінде интернет қолданушыларының назарын аударды.

"Мисс Әлем Үндістан" финалисі Google Cloud инженері ретінде жұмысына оралды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram