Банк картасы қабылданбаған клиент шарап сататын дүкеннің астан-кестеңін шығарды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
The Sun басылымының хабарлауынша, желіде ер адамның мотоцикл дулығасымен сөрелердегі бөтелкелерді лақтырып, дүкенді қиратқан сәтінен видео тарады, деп жазды KAZ.NUR.KZ.
Интернетте 29 жастағы ер адамның төлем жасау кезінде банк картасы қабылданбағаны үшін дүкеннің астан-кестеңін шығарған сәті түсірілген кадрлар жарияланды. Сауда нүктесіне келтірілген шығын 9 000 фунт стерлингке дейін бағаланып отыр.
Видеожазбадана ашуға булыққан сатып алушының айқайлап, дүкен ішін қиратып жатқанын көруге болады. Ол мотоцикл дулығасын пайдаланып, сөрелердегі алкогольдік ішімдіктерді еденге лақтырған, салдарынан залды қызыл шарап басып, еденге шыны сынықтары шашылды. Ер адам мұнымен тоқтамай, бөтелкелерді бір-бірлеп алып, дүкеннің шыны есігіне қарай лақтырып, есікті толығымен сындырып тастады.
Оқиғаны бақылау камералары мен куәгерлер түсіріп алған. Дүкенді талқандау сәті түсірілген видео Jam Press агенттігі арқылы желіде тарап кетті. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тәртіп бұзушының ұсталуына әрі қай жерде болғанына қатысты егжей-тегжейлі мәліметтерді зерделеп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2428862-bank-kartasy-qabyldanbagan-klient-sharap-satatyn-dukenning-astan-kestengin-shygardy-video/