jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Үндістанда би серіктесін 1000 рупийге жалдау туралы хабарландырулар пайда болды

Хабарландыру
Биге серіктес болу қызметі туралы хабарландыру. Скриншот: Instagram

NDTV басылымының жазуынша, Instagram қолданушысы Криш Мистри билейтін серіктесі жоқ жандар үшін 1000-нан 2000 рупийге дейінгі тарифтік пакеттерді ұсынды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Үндістанның әлеуметтік желілерінде дәстүрлі Навратри фестивалі қарсаңында "гарба биіне серіктес жалдау" атты ерекше қызмет түрі туралы жазба тарап кетті. Instagram желісіндегі Криш Мистри есімді автор "Бұл Навратриде жалғыз билеме!" деген ұранмен жарнамалық плакат жариялап, мерекеге қатысушылар үшін үш түрлі тарифтік пакетті ұсынды.

Құны 1000 рупий тұратын ең арзан "Күміс" пакетіне екі сағаттық гарба биі, киім үлгісін үйлестіру, негізгі қимылдарды үйрету және бірге селфиге түсу кіреді. 1500 рупийлік "Алтын" пакеті төрт сағатқа есептелген және бірге бейнеролик түсіруді, достарға арналған ойдан шығарылған танысу тарихын, сондай-ақ клиенттің таныстарын "аға" немесе "жеңге" деп атау мүмкіндігін қамтиды. Ең қымбат "Платина" пакеті 2000 рупий тұрады, ол күні бойы серік болуды, дәстүрлі киім мен әшекейлерді таңдауға көмектесуді, бидің үздік элементтерін көрсетуді және іс-шарадан кейін үйге дейін қауіпсіз жеткізіп салуды қамтиды.

Жазба 1,7 миллионнан астам қаралым жинап, қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Көптеген пікір білдіруші бұл ұсынысты әзіл немесе Z ұрпағының өзіндік табыс табу жолы деп қабылдаса, кейбір жазылушылар қызметке шынайы қызығушылық танытты.

Үндістанда би серіктесін 1000 рупийге жалдау туралы хабарландырулар пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram