Бір отбасының бес ұрпағы бір күнде туып, Гиннесс рекордтар кітабына енді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Америкалық отбасы әлемдік рекорд орнатты. Гиннесс рекордтар кітабының сайтында хабарланғандай, олардың бес ұрпағының өкілдері 14 қыркүйекте дүниеге келген, деп жазды KAZ.NUR.KZ.
Гиннесс рекордтар кітабы тарихтағы бірегей жағдайды ресми түрде тіркеді. Америкалық отбасының бес ұрпағы бір күнде — 14 қыркүйекте туған. Бұл сирек кездесетін сәйкестіктер тізбегін 2025 жылдың 14 қыркүйегінде Небраска штатының Омаха қаласында дүниеге келген Артур Белл түйіндеп тұр.
Кішкентай Артур туған күнін 1997 жылы туған анасы Эмма Беллмен бірге атап өтеді. Осы күні баланың атасы Дональд Харлоу да дүниеге келген (1972 жыл). Арғы әжесі Эдди Харлоу 1948 жылдың 14 қыркүйегінде туса, отбасылық шежірені 1920 жылдың 14 қыркүйегінде дүниеге келген арғы атасы Уилбер Харлоу ашты.
Бір отбасында мұндай сәйкестіктің болу ықтималдығы өте төмен. Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері бұған дейін төрт ұрпақтың туған күні сәйкес келген жағдайлар тіркелгенін, алайда бес ұрпақтың бір күнде тууы алғаш рет тіркеліп отырғанын атап өтті. Отбасы бес ұрпаққа ортақ алғашқы мерекені атап үлгерді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2429605-bir-otbasynyng-bes-urpagy-bir-kunde-tuyp-ginness-rekordtar-kitabyna-endi/