Қытай тұрғыны анасының жерлеу рәсімі сәтсіз өткені үшін ЖИ әзірлеушісін сотқа берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
NDTV хабарлауынша, ер адам нейрожелі жерлеу рәсіміне ұсынған "қолайлы" күн сәтсіз өткеннен кейін отбасындағы келеңсіздіктер мен туысының жол-көлік оқиғасына ұшырауына чат-ботты айыптады, деп жазды KAZ.NUR.KZ.
Қытайдың Чжэцзян провинциясы Цзяшань уезінің Ши есімді тұрғыны Beijing Chuntian Zhiyun Technology технологиялық компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді. Ер адам жасанды интеллект чат-ботының кеңестері отбасындағы бірқатар қайғылы оқиғаға әкеп соқтырғанын алға тартты. Сәуір айында анасы кенеттен қайтыс болғаннан кейін, Ши фэншуй дәстүрі бойынша жерлеу рәсіміне қолайлы күнді іздеген.
Бастапқыда жалдамалы маман жерлеу рәсімін 20 сәуірге белгілеуге кеңес берген. Алайда Ши бұл күнге күмән келтірді, өйткені жергілікті әдет-ғұрып бойынша қайтыс болғаннан кейінгі төртінші күн жағымсыз белгі болып саналады. Ер адам ЖИ-сервисінен кеңес алуды жөн көріп, ол 19 сәуірді ұсынып, қосымша жоралғыларды айтқан. Кейінірек Ши нейрожелі жауаптарындағы қайшылықты байқаған: бағдарлама күнді ұсынғанымен, мәтінде 19 сәуірдің сәтсіз күн екенін де көрсеткен.
Жерлеу рәсімінен кейін көп ұзамай Шидің туыстарының бірі ауыр жол-көлік оқиғасына ұшырады. Отбасы мүшелері апатты дұрыс таңдалмаған күнге байланысты фэншуй ережелерінің бұзылуымен байланыстырып, болған жағдай үшін Шиді айыптады. Жауап ретінде ер адам компаниядан кешірім сұрауды және шығынды өтеуді талап етті. Beijing Chuntian Zhiyun Technology өкілдері сотта сервис ақпаратты тек танысу мақсатында ұсынатынын және қолданушылардың шешімдері үшін жауапты емес екенін мәлімдеді. Іс бойынша сот талқылауы жалғасуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2430869-qytai-turgyny-anasynyng-zherleu-rasimi-satsiz-otkeni-ushin-zhi-azirleushisin-sotqa-berdi/