jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Танысу сайтында ЖИ-ді қолданған 65 жастағы кейуана ер адамның 25 мың долларын қолды қылды

Зейнеткер
Зейнеткер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытайлық 65 жастағы зейнеткер жасанды интеллектіні пайдаланып, жас әрі сұлу бойжеткеннің кейпінде ер адамның қомақты қаржысын қолды қылды, деп хабарлады NDTV-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайдың Аньхой провинциясында полиция жасанды интеллект арқылы интернетте алаяқтық схемасын ұйымдастырған 65 жастағы Ван есімді кейуананы ұстады. Қылмыскердің құрбаны — Ли есімді жергілікті тұрғын. Алаяқ зейнеткер әлеуметтік желілерде өзін жас, табысты әрі сұлу бойжеткен ретінде көрсеткен.

Сенімге кіру үшін Ван арнайы нейрожелілер мен фильтрлер арқылы жасалған фотосуреттер мен дауыстық хабарламаларды үнемі жіберіп отырған. Виртуалды қарым-қатынас барысында "бойжеткен" ер адамның сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен ақша сұрай бастаған. Олардың қатарында медициналық шығындарды жабу, жеке қаржылық қиындықтар және басқа да ойдан шығарылған өмірлік мәселелер болған.

Жалпы алғанда, Ли алаяққа 180 мың юаньнан астам (шамамен 25 мың АҚШ доллары) қаражат аударған. Ер адам "сүйіктісі" түрлі сылтаумен жеке кездесуден және бейнеқоңырау шалудан бас тарта бастағанда ғана күдіктене бастаған. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын және тұрған жерін анықтады, ол 65 жастағы зейнеткер болып шықты. Кейуана ұсталып, қазіргі уақытта қамауда отыр, ал полиция ұрланған қаражатты қайтару үшін тергеу амалдарын жүргізуде.

Танысу сайтында ЖИ-ді қолданған 65 жастағы кейуана ер адамның 25 мың долларын қолды қылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram