Алматы облысында қоңыр аю видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Көлсай көлдері" ұлттық паркіндегі санақ кезінде қоңыр аю видеоға түсіп қалды. Жыртқыш орман ішінде емін-еркін жүрген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видеоны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Көлсай көлдерінің" жабайы табиғатынан тағы бір әсерлі кадр. Аң санағы кезінде қоңыр аю бейнежазбаға түсті", - делінген хабарламада.
Қоңыр аю – "Көлсай көлдері" аумағын мекендейтін жабайы жануарлардың бірі.
"Мұндай кадрлар табиғи ортадағы тіршіліктің өз ырғағымен жалғасып жатқанын көрсетеді. Кейде табиғатты танып-білу үшін ұзақ әңгіме де қажет емес. Бір кадрдың өзі жеткілікті", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2432886-almaty-oblysynda-qongyr-aiu-videoga-tusip-qaldy/
