"Футурама" авторы 14-маусымның аяқталуы мен сериалдың болашағы туралы пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Variety басылымының хабарлауынша, Hulu стримингтік сервисі танымал мультсериалды 15-маусымға ұзартуды жоспарлап отырған жоқ, алайда авторлар арнайы шығарылымдар дайындауда, деп жазды KAZ.NUR.KZ.
"Футурама" ғылыми-фантастикалық мультсериалы 14-тараумен тұрақты маусымдарын аяқтайды. Hulu платформасының өкілдері жобаның жалғасын шығаруды жоспарлап отырған жоқ, бұл туралы сериалдың авторы Мэтт Грейнинг Variety басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Маусымның соңғы эпизоды Final Ending: The Last Conclusion ("Окончательный финал: Самое последнее заключение") деген ирониялық атауға ие болды.
Грейнинг 1999 жылы басталған сериал тарихында шоу талай рет жабылғанын еске салды. Мультипликатордың айтуынша, аниматорлар, актерлер мен сценаристерді қоса алғанда, бүкіл шығармашылық топ болашаққа оптимизммен қарайды және жұмысты жалғастыруға дайын.
"Олар бізді табытқа салып, қақпағын шегелеп тастауы мүмкін, бірақ бізді жерлей алмайды. Біз қайта тірілеміз", - деді командада әлі талай айтылмаған оқиғалар барын сөз еткен сериал авторы.
Франшиза жұмысын толықтай тоқтатпайды: қазіргі таңда хронометражы ұзартылған үш арнайы шығарылым өндірісте. Рождество мен Робо-Сантаға арналған алғашқы бөлім 2027 жылы көрерменге жол тартады. Грейнинг бұл шығарылымдарда көрермендер сюжет бойынша көптен бері мазалап жүрген сұрақтарына жауап алатынын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2436671-futurama-avtory-14-mausymnyng-aiaqtaluy-men-serialdyng-bolashagy-turaly-pikir-bildirdi/