jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Британиядағы кеште Бэтмен костюмін киген ер адам қабырғаға өрмелеп шығып, ұрланған сөмкені қайтарып берді

Бэтмен
Бэтмен. Фото: Harun Ozalp/Anadolu via Getty Images

Unilad басылымының жазуынша, лондондық Сонни Мейсон "Қара сері" бейнесінде достарымен бірге ұрыны қуалап, затты иесіне қайтарған, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Ұлыбританияның Норвич қаласында өткен костюмді кеш нағыз детективтік оқиғаға ұласты: суперқаһармандар бейнесіндегі достар тобы ұрланған сөмкені табуға көмектесті. Оқиға 19 қыркүйекте туған күнді тойлау кезінде болған. Лондондағы дәмхана қызметкері әрі шығармашылық маман, 25 жастағы Сонни Мейсон түнгі клубта Бэтмен костюмін киіп жүрген кезінде келушілердің бірінің сөмкесі ұрланғанын байқаған.

Мейсон Мистер Фантастика мен Улы шырмауық костюмін киген достарымен бірге полиция патруліне дереу хабарлап, қаланың қараңғы көшелерінде ұрыны қуалай жөнелген. Қуғыннан қорыққан қылмыскер ұрланған затты Норвич соборының аумағындағы биік тас қабырғаға лақтырып жіберген. Мейсон қабырғаға өрмелеп шығып, сөмкені ішіндегі барлық затымен бірге алып, оны иесіне қайтарды және бұл оқиғаны TikTok парақшасы үшін видеоға түсіріп алды.

Норфолк графтығының полиция өкілдері азаматтардың жүгінгенін және мүліктің иесіне сәтті қайтарылғанын растады. Мейсонның өзі журналистерге берген сұхбатында бұл әрекетіне қатысты пікір білдіріп, төбелесуді немесе шатырдан секіруді мақсат етпегенін, тек қиын жағдайға тап болған адамға көмектескісі келгенін атап өтті. Оның айтуынша, батылдық пен мейірімділік таныту суперқаһарман костюміне байланысты болмауы керек.

Британиядағы кеште Бэтмен костюмін киген ер адам қабырғаға өрмелеп шығып, ұрланған сөмкені қайтарып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram