ChatGPT-де қолданушылардың жеке суреттері арқылы киімді виртуалдық өлшеп көру мүмкіндігі пайда болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
OpenAI компаниясы ChatGPT-ге киімді виртуалдық өлшеп көру және тауарларды "Таңдаулылар" бөліміне сақтау сынды шопингке арналған жаңа функцияларды қосты, деп хабарлады TechCrunch басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
OpenAI компаниясы ChatGPT-ге сауда жасауға арналған жаңа мүмкіндіктерді енгізе бастады. Енді қолданушылар өз фотосуреттерін жүктеп, киім мен аксессуарларды виртуалдық түрде өлшеп көре алады. Суреттерді генерациялау және өңдеудің жаңа функциялары табиғи жарықтандыруды, матаның шынайы текстурасын және нұсқаулардың дәл орындалуын қамтамасыз ететін ChatGPT Images 2.5 моделінің негізінде жұмыс істейді.
Ұнаған заттар мен жасалған виртуалды өлшеу суреттерін "Таңдаулылар" арнайы бөліміне сақтауға болады. Тауарларды іздеуге және ұсыныстар алуға болатын санаттардың қатарында сән, сұлулық, электроника және үйге арналған тауарлар бар. Ұсыныстар ақылы жарнама емес, метадеректер мен үшінші тарап сайттарындағы ақпарат негізінде қалыптастырылады. Функция әлем бойынша барлық қолданушыға қолжетімді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2439195-chatgpt-de-qoldanushylardyng-zheke-suretteri-arqyly-kiimdi-virtualdyq-olshep-koru-mumkindigi-paida-boldy/