Баянауылда алғаш рет сирек кездесетін құну байқалды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді – сирек кездестін жыртқыш Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде байқалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Павлодар облысының қазіргі жануарлар дүниесіне тән емес сирек жыртқыш – құну фототұзаққа түскен.
"Бұл – Павлодар облысында құнудың алғаш рет тіркелуі. Сирек жыртқыштың негізгі таралу аймағынан едәуір қашықта анықталуы оның қозғалысы мен таралу ерекшеліктерін зерттеу үшін маңызды ғылыми дерек болып отыр", - делінген хабарламада.
Ғылыми деректерге сүйенсек, Қазақстанда құнудың негізгі таралу аймағы Оңтүстік Алтайдың таулы-тайгалы өңірлерін қамтиды. Дегенмен бұл жыртқыштың негізгі мекенінен алыс аумақтарда кездескен тарихи деректер де бар.
1932 жылы – Бурабай ормандарында (қазіргі Ақмола облысы);
1948-1949 жылдары – Шағалалы көлі маңында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы).
Ғалымдар мұндай жағдайларды жекелеген жануарлардың алыс қашықтыққа орын ауыстыруымен байланыстырады.
"Бұл жаңалық ұзақ мерзімді фотомониторингтің табиғаттағы сирек кездесетін жануарларды анықтаудағы және биоалуантүрлілікті зерттеудегі маңызын тағы бір мәрте көрсетеді", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2440215-baianauylda-algash-ret-sirek-kezdesetin-qunu-baiqaldy-video/