108 жастағы азамат ұзақ өмір сүруінің сырын ашты
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ-тың Орегон штатындағы ең қарт ер адам Берил Диллман 108 жасқа толған мерейтойын отбасы ортасында атап өтіп, ұзақ өмір сүруінің сырын бөлісті, деп жазды Good News Network-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мереке Юджин қаласындағы Merrill Gardens қарттар үйінде өтті. Ұзақ жасаған қарияны құттықтауға ондаған қонақ жиналды, ал туған күн иесі өзінің жаңа шөбересі Беллами Стерджеспен кездесті. Жалпы қарияның 19 шөбересі бар. Жүру үшін арнайы құрылғыны қажет етсе де, Диллманның ойлау қабілеті жақсы және әнді керемет орындайды.
Ұзақ өмір сүруінің себептері туралы сұрақтарға жауап бере отырып, 108 жастағы ер адам тамақтану рационына әрқашан мұқият болғанын және алкогольден толық бас тартқанын атап өтті. Сондай-ақ ол ешқашан артық тамақтанбауға, өз сөздері мен іс-әрекеттеріне мән беруге кеңес берді.
Ұзақ жасаған қарияның туыстары мен жақындары оның басты сыры мінезінде деп санайды. Берилдің 72 жастағы қызы Рут Стерджестің айтуынша, әкесі әрқашан өмірге құштарлығын сақтайды, махаббатын көрсете біледі және туындаған мәселелерге шағымданудың орнына оларды шешуді жөн көреді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2440570-108-zhastagy-azamat-uzaq-omir-suruining-syryn-ashty/