jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жүз жастағы тасбақа алғаш рет ұя салып, 16 баласын өмірге әкелді

Тасбақа
Тасбақа. Көрнекі сурет: pexels.com

Филадельфия хайуанаттар бағында тұратын Мамми есімді Галапагос тасбақасы шамамен 100 жасында алғаш рет ұрпақ сүйді, деп жазды People басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамми хайуанаттар бағында 1932 жылдан бері тұрады және 90 жылдан астам уақыт бойы ұрпақ әкелмеген. Жағдай оның қасына Абраццо есімді, өзі секілді егде жастағы аталық тасбақаны қосқаннан кейін өзгерді. Хайуанаттар бағының мамандары процесті мұқият бақылап, жұмыртқа салу үшін қажетті жағдай жасады.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері 16 тасбақаның дүниеге келуі осы түрді сақтап қалу бағдарламасы үшін маңызды оқиға болғанын атап өтті. Санта-Крус аралының Галапагос тасбақалары жойылып кету қаупінде тұр және осы уақытқа дейін олардың Америка хайуанаттар бақтарындағы саны өте аз болған.

Тасбақалардың дүниеге келуі АҚШ-тағы осы түрдің санын бірден үштен бірге арттырды. Қазір жаңа туған тасбақалардың жағдайы жақсы және олар ветеринарлардың бақылауында.

Жүз жастағы тасбақа алғаш рет ұя салып, 16 баласын өмірге әкелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram