jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Google суреттердің шынайылығын тексеретін сайтты іске қосты

SynthID сайты
SynthID сайты. Скриншот: SynthID.com

Google компаниясы қолданушыларға фотолар мен видеоларда жасанды интеллект іздері бар-жоғын тексеруге мүмкіндік беретін SynthID.com веб-сайтын іске қосты, деп жазды Gizmodo-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сервис жүктелген файлдардан медиафайлдарды жасау кезінде нейрожелілер енгізетін цифрлық су таңбаларды іздейді.

Құрал Google, OpenAI, Nvidia және Kakao жүйелерінің көмегімен жасалған контентті таниды. Алайда ол әзірге жобаның серіктестік желісіне кірмейтін басқа танымал нейрожелілерде жасалған жалған суреттерді анықтай алмайды.

Әзірлеушілер кіріктірілген технология белгілерді қиюдан немесе графикалық редакторларда өңдеуден қорғайтынын атап өтті.

Сонымен қатар зерттеушілер порталда белгінің табылмауы суреттің шынайылығына кепілдік бермейтінін ескертті, өйткені кескін басқа сервис арқылы жасалған болуы мүмкін. Сайтқа кіру үшін қолданушыға Google, Apple немесе ChatGPT аккаунттары арқылы авторизациядан өту қажет.

Google суреттердің шынайылығын тексеретін сайтты іске қосты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram