jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ғалымдар мысықтардың адамға иттер мен балалар сияқты қатты бауыр баса алатынын анықтады

Ұйықтап жатқан мысық. Көрнекі сурет
Ұйықтап жатқан мысық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғалымдар жүргізілген эксперимент барысында мысықтардың адамға иттер мен балалар сияқты қатты бауыр баса алатынын анықтады, деп жазды Gizmodo-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Орегон университетінің зерттеушілері үй жануарларының қожайындары мен олардың мысықтарын қатыстырып, эксперимент өткізді. Олар жануарларды иесімен бірге бейтаныс бөлмеге орналастырды, содан кейін адам екі минутқа шығып кетіп, қайта оралды.

Эксперимент нәтижесінде мысықтардың шамамен 64 пайызы қожайынына бауыр басып үлгергенін көрсетті: иесі қайтып оралғаннан кейін олар тынышталып, байланысқа шықты және жан-жағын зерттей бастады.

Ұқсас тестілеуден өткен сәбилер мен иттер де бауыр басқандарын дәл осылай аңдатқан. Бұл ретте мысықтардың мінез-құлқы олардың жасына және әлеуметтену дәрежесіне байланысты болмады. Зоопсихологтардың айтуынша, мысықтар иттерге қарағанда қожайынына сүйіспеншілігін азырақ көрсеткенімен, адамды қауіпсіздік пен жайлылық көзі санайды.

Ғалымдар мысықтардың адамға иттер мен балалар сияқты қатты бауыр баса алатынын анықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram