Ғалымдар шөп пен жоңышқадан киім тігуді ұсынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ғалымдар шөп пен жоңышқа қалдықтарынан тоқыма талшықтарын алуды үйренді, олар ағаш целлюлозасына экологиялық балама бола алады, деп жазды Phys.org-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Швециядағы Чалмерс технологиялық университетінің зерттеушілері шөп пен жоңышқаны өңдегеннен кейін қалатын өсімдік сығындысынан целлюлоза бөліп алу әдісін әзірледі. Алынған целлюлоза массасынан мамандар серіктестерімен бірлесіп тоқыма жіптерін иіріп, матаның алғашқы тәжірибелік үлгісін тоқып шықты.
Әдетте мата өндіруге арналған целлюлоза ағаштан алынады, алайда ағаштың құрылымы әлдеқайда берік және күрделі химиялық процестерді талап етеді. Шөптегі талшықтар қолжетімдірек, сондықтан оларды бөліп алу үшін химиялық заттар мен энергия аз жұмсалады. Сонымен қатар ғалымдар өсімдік шикізатынан целлюлозадан бөлек лигнин мен хлорофилл пигментін де бөліп алды.
Жоба авторлары жаңа технология қайта өңдеуге жарамды сапалы әрі төзімді материалдар шығаруға мүмкіндік береді деп есептейді. Жақын арада зерттеушілер өнеркәсіптік өндіріс ауқымындағы тиімділігін бағалау үшін әдісті пилоттық қондырғыларда сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2442119-galymdar-shop-pen-zhongyshqadan-kiim-tigudi-usyndy/