Ұлыбритания тұрғыны салмағы 1,3 тоннаға жететін асқабақ өсіріп, әлемдік рекорд орнатты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұлыбританиялық 65 жасар Иан Патон салмағы 1,3 тоннаға жететін алып асқабақ өсіріп, Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UPI-ге сілтеме жасап хабарлады.
Ер адам Беркширде өткен алып көкөністерді өлшеу шарасында жаңа әлемдік рекорд орнатты. Көкөніс Патонның егізі Стюартпен бірге өсірген былтырғы асқабағынан 7 кг-ға ауыр болып шықты. Алып асқабақтың салмағы бегемоттың салмағымен пара-пар, ал оның үлкендігі алты метрден асты.
Бағбан өсімдікке күтім жасауға күніне алты сағатқа дейін уақыт жұмсап, тәулігіне 500 литрге жуық су пайдаланған. Ең қарқынды өсу кезеңінде асқабақ тәулігіне 20 кг салмақ қосқан. Биыл Патон алып көкөністі алғаш рет өз бетінше өсірді, өйткені оның бауыры елу жылдық ортақ хоббиден кейін зейнетке шығуды ұйғарған.
Рекордтық көкөніс Хэмпшир графтығындағы фермада қойылды, ал көрме аяқталған соң ол мал азығына беріледі. Фермердің өзі 2,6 мыңнан астам тұқым жинап үлгерді және салмағы 1,36 тоннадан асатын асқабақ өсіруді жоспарлап отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2442127-ulybritaniia-turgyny-salmagy-1-3-tonnaga-zhetetin-asqabaq-osirip-alemdik-rekord-ornatty/