jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Канадалық әжей "планкада" 5 сағат тұрып, өз рекордын жаңартты

ДоннаДжин Уайлд
ДоннаДжин Уайлд. Видеодан кадр: instagram.com/worldseniorgames

Канада тұрғыны ДоннаДжин Уайлд АҚШ-тың Юта штатында өткен жарыста іш бұлшықеттерін нығайтуға арналған классикалық жаттығуды бес сағат бойы тынықпастан орындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UPI-ге сілтеме жасап хабарлады.

Канадалық спортшы ДоннаДжин Уайлд Huntsman World Senior Games ойындарында әйелдер арасындағы ең ұзақ планка жаттығуы бойынша өзінің әлемдік рекордын жаңартты. Юта штатындағы өнер көрсету кезінде 61 жастағы тұрғын сағат 15:03-те шынтаққа сүйеніп жатып, статикалық қалыпта 20:03-ке дейін тұрды.

Уайлд үшін бұл – алғашқы жетістік емес. Бұған дейін Гиннесс рекордтар кітабында тіркелген рекорд төрт сағат, 30 минут және 11 секундты құраған, алайда бұл жолы спортшы нәтижені жақсартуды ұйғарды. Канадалық кейуананың айтуынша, жаттығудың соңына қарай ол қатты күмәнданып, шаршағанын сезген, бірақ көрермендердің қолдауы уақытты бес сағатқа дейін жеткізуге көмектесіпті.

Жарысқа дайындық кезінде Уайлд ерекше әдістемені қолданды: жаттығу кезінде оның арқасына үш жасар немересі жататын. Бес сағаттық жүктемеден кейінгі күні спортшы 3000 метрге жүгіру жарысына қатысты. Қазіргі таңда нәтиже Гиннесс рекордтар кітабына ресми тіркеуге жіберілді.

Канадалық әжей "планкада" 5 сағат тұрып, өз рекордын жаңартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram