Әйел есімімен аталған ЖИ-ассистенттер еңбекақы төлеудегі гендерлік теңсіздікке тап болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жүргізілген эксперимент барысында адамдар жасанды интеллектпен жұмыс істеген кезде де еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтықты қайталағаны анықталды, деп жазды Gizmodo-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ирландиядағы Лимерик университетінің ғалымдары 189 кеңсе қызметкері қатыстырылған эксперимент өткізді. Қатысушылар виртуалды кеңсеге орналастырылды, оларға әр түрлі бейнедегі үш ЖИ-ассистент берілді: мәтіндік чат-бот, үстел үстіндегі робот және ер немесе әйел адамның белгілері бар антропоморфты көмекші.
Қызметкерлерден тапсырмалардың орындалу сапасын бағалау және цифрлық көмекшілер арасында сыйақыны бөлу сұралды. Барлық бот жұмысты бірдей деңгейде атқарды.
Зерттеушілер Йохан есімді ер адам кейпіндегі ассистент Йоханна есімді әйел нұсқасына қарағанда орта есеппен 10 пайызға көп ақша алғанын анықтады. Сонымен қатар қатысушылар ер ботты әлдеқайда "адами" деп қабылдаған.
Кейінгі сауалнамалар барысында 34 адамның 30-ы ассистенттерге гендерлік алалаушылықсыз қарайтынын мәлімдеді. Алайда қатысушылардың көпшілігі ЖИ-дің әйел нұсқасымен жұмыс істеу ыңғайлырақ екенін мойындады, мұны зерттеу авторлары Siri және Alexa секілді дауыстық көмекшілерге үйреніп қалғандарымен байланыстырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2442142-aiel-esimimen-atalgan-zhi-assistentter-engbekaqy-toleudegi-genderlik-tengsizdikke-tap-boldy/