Арзан Android смартфонды сатып алмас бұрын неге назар аудару керек: сарапшылар кеңесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бюджеттік смартфон сатып алу баяу жұмыс істейтін және қуаты тез отырып қалатын құрылғымен күреске айналмауға тиіс. Құрылғыны пайдалану үшін бірнеше сипаттаманы тексеру жеткілікті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Engadget-ке сілтеме жасап хабарлады.
Мамандар басты назарды экран мен жедел жад көлеміне аударуға кеңес береді. Дисплейдің диагоналі кемінде 5,6 дюйм, матрицасы AMOLED болуға және күн астында жұмыс істеу үшін ең жоғарғы жарықтығы 1000 ниттен басталуға тиіс.
Жедел жадтың ең аз көлемі 6 ГБ болғаны абзал, әйтпесе қосымшалар арасында ауысу және видео қарау жылдамдығы баяулайды. Файлдарды сақтау үшін жады кемінде 128 ГБ немесе 256 ГБ болатын нұсқаларды таңдаған жөн.
Аккумулятор сыйымдылығы 4500 мАч-тан төмен болмауы керек, дегенмен 5000 мАч күні бойы жұмыс істеу үшін стандартқа айналып келеді.
Сапалы суреттер үшін негізгі камераның модулі 32 МП-тен, ал алдыңғы камераныкі 12 МП-тен жоғары болуға тиіс. Сондай-ақ контактісіз төлем жасау үшін NFC чипінің, Bluetooth-дың жаңартылған нұсқасының және бірнеше жылға кепілдендірілген жүйелік жаңартулардың бар-жоғын тексеру маңызды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2442777-arzan-android-smartfondy-satyp-almas-buryn-nege-nazar-audaru-kerek-sarapshylar-kengesi/