Астрономдар сөніп жатқан жұлдыздың маңынан екінші буын планетасының белгілерін тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Уорик университетінің астрономдары сөніп жатқан ақ ергежейлі жұлдыздың затынан қалыптасқан планетаның бар екеніне дәлел тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Engadget-ке сілтеме жасап хабарлады.
Ғалымдар 1999 жылы HS 0209+0832 ақ ергежейлі жұлдызын бақылау кезінде жинақталған "Хаббл" телескобының ескі мұрағаттық деректерін талдады. Ол кезде мамандар жұлдыз спектріндегі жүзге жуық химиялық сызықты анықтай алмаған еді. Бұл жазбаларды қазіргі химиялық деректер базасымен салыстыра отырып, зерттеушілер спектрлік іздердің ниобийге тиесілі екенін анықтады.
Зерттеліп жатқан жүйедегі бұл сирек элементтің деңгейі біздің Күнге қарағанда 1000 пайызға жоғары болып шықты. Ниобий тек сөніп жатқан жұлдыздардың ішінде экстремалдық жағдайларда түзіледі. Мұндай концентрация жұлдыздың лақтырылған материалдарынан екінші буын планетасының қалыптасқанын көрсетеді. Жұлдыздармен бірге туатын бірінші буын планеталарынан айырмашылығы, мұндай нысандар сөніп жатқан жұлдыздың қалдықтарынан түзіледі.
Ақ ергежейлілер – ядролық отыны таусылған жұлдыздардың тығыз ядролары. Қазіргі уақытта анықталған нысан тіршілікке қолайлы аймақта орналасқан. Егер астрономдардың тұжырымдары расталса, HS 0209+0832 екінші буын планетасы қалыптасқан алғашқы белгілі ақ ергежейлі жұлдызға айналады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2443785-astronomdar-sonip-zhatqan-zhuldyzdyng-mangynan-ekinshi-buyn-planetasynyng-belgilerin-tapty/